Ұлттық өнерiмiз дәрiптелдi Избранное

Пятница, 25 Март 2016 04:31 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3869 раз

Ұлыстың ұлы күні әз Наурызды Әл-Фараби ауданының тұрғындары да жоғары деңгейде тойлады. Шымкенттегі «Орталық» саябақта ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ән қалықтады. Өнер ұжымдары мерекелік бағдарламасын ұсынып, жиналғандарға әдемі көңіл күй сыйлады.

al pharabi nauryz

Ал сахна төріне көтерілген аудан әкімі Бауыржан Қалжанов тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
– Біздің ауданымызда 150 мыңнан астам тұрғын бар. Әрбір отбасыға қуаныш, амандық, елімізге тыныштық, молшылық тілеймін. Қадам басқалы тұрған жылымыз бақыт пен ырысқа, мереке мен берекеге толы болғай, – деді Б. Қалжанов.
Сондай-ақ, кішкентай сәбидің тұсауын кесіп, ақ жол тілесті. Бұдан бөлек спорттық шаралардан сайыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Салт-дәстүр дәріптеліп, көріністер көрсетілді.