×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Саябақтағы салтанатты шара Избранное

Пятница, 25 Март 2016 04:36 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3854 раз

Шығыс елдері арасында көнеден келе жатқан өзара келісім мен сыйластықтың, құрмет пен сүйіспеншіліктің дәнекеріне айналған әз Наурыз мерекесі «Орталық саябақта» да кеңінен аталып өтті.

al pharabi nauryz-2

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мұнда ақ қанатты киіз үйлер тігіліп, ақ дастархан жайылды. Арнайы дайындалған Наурыз көжеден дәм татқан көпшілік бір-бірінен құттықтау қабылдап, берекелі жылда табысты болуды тілеп жатты. Жергілікті өнерпаздардың қатысуымен қала тұрғындарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
– Әрине, жұртшылықты мейірім мен шапағатқа, татулыққа бастайтын Наурыз мерекесі арқылы бір-бірімізге деген бауырмалдық қасиетіміз өзгелерге үлгі болғанын қалаймыз. Бір атаның баласындай бір қазаннан ас ішуіміз – өмірлік мақсатымыз ортақ, ойымыз бір бағытқа тоғысып тұрғанын білдіреді, – деді Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары Серік Нұрманов.
Бұл кеште қазақтың ұлттық ойындары – қол күрес, асық атудан сайыстар ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздарына аудан аумағындағы жеке кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен бағалы сый-сияпаттар тарту етілді.