Әйел күннің шуағынан жаралған

Среда, 13 Март 2019 04:37 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 939 раз

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел күннің шуағынан жаралған» атты мерекелік сазды-думанды көріністі сахналады.

-1439192693

Қойылымды тамашалауға қаламыздағы әлеуметтік қызметті пайдаланатын аналар, көп балалы аналар мен қыз-келіншектер жиналды.

Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін мейрамда театр ұжымы әртүрлі тақырыпты қаузаған комедиялық көріністермен көрермендеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сатира өнерпаздарының орындауындағы әндер де ақ жаулықты аналар мен әлемді сұлулығымен таңдандырған әйелдерге арналып, үкілі қыздардың көркемдігі жайлы жырдан шашу шашылды.

– Әзіл-сықақ театр ұжымына мерекелік көңіл-күй сыйлағыны үшін алғыс айтамын. Сахнада орындалған әсем әуендер керемет әсерге бөлеп, бір серпіліп қалдық, - дейді «Дағдарыс» орталығының психологы Жанар Амантайқызы.

Мерекелік кеште көрермендер арасында ойын ойнатылып, жеңімпаздарға 19 наурыз күн сахналанатын «Жұбай саудасы» қойылымның премьерасына билеттер табысталды.

– Әйел барда әлем жайнайды. Аналарымызды күнде ардақтасақ та аздық етеді. Әйел - отбасының ұйытқысы, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы. Бүгінгі қойылымдар, шырқалып жатқан әндер тек ақ жаулықты аналар мен нәзік жанды аруларға арналғаны да сондықтан, - дейді қоюшы режиссер Марат Оразметов.