Ынтымақтастық нығая түсуде Избранное

Пятница, 18 Октябрь 2019 05:03 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 276 раз

Қазақстан халқы Ассамблеясы Шымкент филиалы мен Халықаралық SilkWay университеті бірлесіп ұйымдастырған «Достық керуенінің» Өзбекстандағы сапары аясында шымкенттік делегация Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Сатыбалдының қабылдауында болды.

501

 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, сауда-экономикалық, туризм салаларындағы және бауырлас екі елдің жастарына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Дархан Амангелдіұлы алдымен Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Елші, әсіресе, өзбек ағайынның еңбекқорлығы мен көршілес елдегі туризмнің жағдайына тоқталды.
– Барға қанағат ету – ең асыл қасиет. Өзбек халқының әр өкілі бойына осы бір қасиетті қондыра білген. Олар аспандағы айға, алыстағы арманға қол созбайды. Қолда бар байлығын ұқсатып, одан береке табуға талпыныс жасайды. Мысал ретінде туризмді алайық. Бұл елде туризм жақсы дамыған. Тарихи орындардың сақталуы, ол жерлердің барынша күтіп-ұсталуы, жергілікті халықтың қыдырып келушілерге деген ілтипаты, ым-ишарасы кез келген туристке оң әсер қалдырады. Ас мәзіріндегі түрлі тағамдар да қонақтар санының артуына зор сеп беруде, – деді Қазақстанның
Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі.