Ұлт ұстазының рухына құрмет
Среда, 07 Сентябрь 2022 04:18Шымкентте Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұлт ұстазының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар қатысты.
БАСТАМАЛАРҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Пятница, 02 Сентябрь 2022 04:07Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын Шымкент қаласының тұрғындары зор ынта-ықласпен тыңдап, онда айтылған бастамаларға қолдау көрсетіп жатыр. Қала әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері бас қосып, Президент Жолдауын тікелей эфирден тамашалады.
Ұстаз – ұлт болашағының айнасы
Среда, 31 Август 2022 08:37педагогтердің тамыз кеңесінде саладағы өзекті мәселелер талқыланды
Шымкент қаласында «Құндылыққа бағдар: сапалы білім, өзін өзі бағалау, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында педагогтердің тамыз кеңесі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Шаһар басшысы білім саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен баяндап, алдағы мақсат-міндеттермен бөлісті.
КОНСТИТУЦИЯ - ТЫНЫШТЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК КЕПІЛІ
Среда, 31 Август 2022 08:35Конституция күні – халқымыздың қастерлі де ұлық мерекесі. Жаңа, тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық негізін қалаған Ата Заң азаматтарымыздың теңдігі мен бостандығына кепілдік беруімен, елімізде тыныштық пен бейбітшіліктің сақталуына негіз болуымен құнды.
ОТБАСЫ – ОТАНШЫЛ ӘРІ ІЗГІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ЫСТЫҚ ҰЯ
Пятница, 26 Август 2022 05:49«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің қаншалықты маңызды екенін түсінуге, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіруге, әсіресе, жастарға жеткізуге мүмкіндік береді.
ХАЛЫҚТЫҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНДІ
Пятница, 26 Август 2022 05:45Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов, Берік Оспанов және Фахриддин Қаратаев Шымкент қаласына іс-сапар аясында Сәуле шағынауданының 276-орамында болып, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты. Болашақта 5 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді деп жоспарланған бұл шағынауданда сапалы электр қуаты жүйесі іске қосылды.
Жылу қазандықтары қыс маусымына дайын
Среда, 24 Август 2022 04:33Халық саны 1 миллион 200 мыңға жуықтап келе жатқан Шымкент шаһарының мың сан шаруасының ішінде алдағы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары үлкен маңызға ие. Осыған орай Шымкент қалалық мәслихатының жуырда өткен жиырмасыншы сессиясынның күн тәртібінде қаланың жылыту маусымына дайындық барысы да талқыға салынды. Депутаттардың алдында Шымкент қаласы әкімдігінің қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков есеп берді.
«ОҢТҮСТІК» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ: ӘЛЕМНІҢ 22 ЕЛІНЕ ЖОЛ АШТЫ
Среда, 24 Август 2022 04:30Шымкент қаласында биыл қаңтар-маусым айларында 17 миллиард 200 миллион теңгенің жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл республикада жеңіл өнеркәсібінің дамуындағы үшінші мегаполистің үлесі 23.5 пайызды құрап отыр деген сөз. Шымкентте бұл сектордың дамуына «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы ерекше әсерін тигізіп отыр. Биыл бірінші жартыжылдықта Шымкентте өндірілген жеңілөнеркәсіп өнімдерінің 79,1 пайызы осы аймақтың үлесіне тиесілі. Осының өзі мұның еліміздегі ең тиімді арнайы экономикалық аймақтың біріне айналғанын көрсетеді.