Мүлікті қалай заңдастырады?

Пятница, 31 Октябрь 2014 06:52 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4334 раз

Мүлікті заңдастыру акциясы басталғалы бері Абай ауданы бойынша салық басқармасының жанынан құрылған комиссияға шетелде жүрген қазақстандықтар әлі бірде-бір мүліктерін заңдастырмапты.

2014-08-07 12-38-08 4 800x0 75dОсыған орай, мамандар ертерек қамдануға кеңес береді. Ел азаматтары жылжымайтын мүліктерін әкімдіктер жанынан құрылған комиссияларға, ал шетелде жүрген азаматтар салық басқармаларына келіп тапсыра алады.

– Шетелде жұмыс істеп немесе білім алып жүрген Қазақстан азаматтарының мүліктерін жария ету тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерде жүргізіледі. Абай ауданы бойынша салық басқармасында 13 адамнан құралған комиссия құжаттарды қарастыратын болады. Мүлікті заңдастыру үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

Мүлікті жария ету үшін жазған 2 дана өтініші, жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы мен көшірмесі, Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік және шетелде тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі бойынша құжаттар және осындай мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, эмитенттері шетелде тіркелген бағалы қағаздар бойынша құжаттар, дербес шоттан үзінді көшірме не резиденті бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын өзге де құжат, мүліктің сатып алу немесе бағалау құнын растайтын құжат, мүлікті жария ету үшін алымды төлегенін растайтын құжатты тапсырулары тиіс. Шет тілінде рәсімделген құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады,-дейді Абай ауданы бойынша салық басқармасының жетекші маманы Ж. Мұсақұлова.

Құжаттар Абай ауданы бойынша салық басқармасында дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-14.30.) қабылданады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30а үй, 5 кабинет.

Последнее изменение Пятница, 31 Октябрь 2014 11:36
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.