Ардагерлер арасындағы сайыс

Пятница, 21 Июнь 2019 04:46

Шымкенттегі «Ақарыс» стадионында Қазақстан полициясының 27 жылдығына арналған ардагерлер арасында шағын футболдан және шахматтан спорттық жарыс өтті.

65292102 335615564036970 2078148736810221568 o

Салауатты өмір салтын ұстану, уақытты ұтымды пайдалану, ұйымшылдық пен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында жарысқа 6 команда қатысты. Бұл күні спорт кешеніндегі теңбіл допқа құмар ойыншылар арасында өте тартысты ойын болды. Сонымен қатар олардың бойындағы спортқа деген құмарлық, жеңіске деген талпыныс және спортшылар жүзіндегі достық көңіл-күй қуантты.

Жарыстың нәтижесінде шағын футболдан 1-орынды Әл-Фараби аудандық ардагерлер құрамасы, 2-орынды Шымкент қаласы Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының ардагерлері иеленді. Сондай-ақ, үздік қақпашы болып Сапар Әлсейтов (Шымкент қаласы Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы), үздік шабуылшы - Алмас Дүтбаев (Абай ауданы), үздік қорғаушы болып Бабыржан Полатов (Әл-Фараби ауданы) атанды.

Шахмат жарысында 1-орынды Шымкент қаласы жедел басқарма ардагерлері, 2-орынды Шымкент қаласы Абай ауданының ардагерлері, 3-орынды Шымкент қаласы Еңбекші ауданының ардагерлері иеленді.

Шымкент қаласының әкімі Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ғабидолла Әбдірахымов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

жол құрылысы

– Кезекті рет Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, қадағалап шықтым. Мұндағы мақсатымыз – бұл көшені қаланың ең көрікті көшелерінің біріне айналдырып, болашақта басқа көшелерді де осы үлгі бойынша жөндеу, қаламызға сән беру. Алайда, кейбір жеке тұлғалар өз бастарының мүдделерін қоғам мүддесінен жоғары қоюда.

Мысалы, жекеменшік Шымкент экономикалық колледжінің басшылығы жалға берілетін футбол алаңшасы көрінбей қалғандықтан, көше бойындағы ағаштарды кесіп тастаған. Бұл жағдай бойынша заң аясында қатаң шара қолдануды тапсырдым. Қаланың көркін бұзатын, тұрғындарға қолайсыздық тудыратын осындай келеңсіз іс-әрекеттердің барлығы қатаң жазаланады, - деді қала әкімі.

Айта кетейік, ағаш қырқу фактісіне қатысты ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша Шымкент экономикалық колледжінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкентте ATP Challenger сериясы бойынша халықаралық теннис турнирі аяқталды. Жарысқа 25 елден келген 100-ге жуық спортшы қатысқан болатын.

Теннис 2

Олардың арасында әлемдік ТОП-100 рейтингіндегі теннисшілер де бар.
Сайыста словакиялық Андре Мартин жеңіске жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қала әкімі қатысты.

– Шымкент xалықаралық деңгейдегі спорт ойындарының орталығына айналуда. Қаламызға ерекше ықыласпен көңіл бөлгені үшін теннис федерациясына ризашылығымды білдіремін. Спортшылар, ұйымдастырушылар жеңіске деген құштарлыққа толы атмосфера қалыптастырды. Барлығыңызға жаңа жеңістер тілеймін! – деді Ғ.Әбдірахымов.

Айта кетейік, Қазақстан командасының құрамында Андрей Голубев, Александр Недовесов, Денис Евсеев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин, Тимофей Скатов және Тимур Хабибулин өнер көрсетті.

Шымкент қаласындағы мектептерде қосымша қаржы жинауға қатаң тыйым салынған. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Instagram-дағы парақшасында жазды.

мектептерге катаң тыйым

Қайрат Нұртайдың айтуынша, оқу жылының аяқталуына орай, әкімдікте мектеп, колледж директорларымен арнайы мəжіліс өткен. Жиынға мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері қатысқан.

Мəжілісте оқулық мəселесінен бастап мектептерде жөндеу жұмыстарын атқару міндеттері талқыланып, алдағы емтихан кезеңі мен мектептердегі қаржы жинау мəселесі сөз болған. «Қала əкімі Ғабидолла Рахматоллаұлының тапсырмасына сəйкес, Шымкентте үшінші жыл қатарынан мектептердегі ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлінеді.

Əрине, оқу жылы аяқталған соң, мектептер белгілі бір деңгейде жөндеуді қажет етеді. Бірінің сыртын сырлау керек болса, енді бірінің кафелін ауыстыру қажет. Биыл мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 260 млн теңге бөлінген. Сондықтан, мен барлық ата-аналарға, мұғалімдерге, мектеп директорларына ресми түрде мəлімдеймін: Шымкент қаласында қандайда бір желеумен болмасын, қосымша қаржы жинауға қатаң түрде тыйым салынған», - дейді қала әкімінің орынбасары.

Қайрат Нұртайдың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда басты мəселе - білім сапасын арттыру болып отыр. Сол себепті мегаполисте мұғалімдердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлуге аса мән берілген.

«Бүгін əрбір оқушы үшін жауапты кезең - емтихан тапсыру науқаны басталғалы тұр. Мен жауапты мамандарға бұл кезеңді шиеленістірмей, қалыпты жағдайда өткізуді жүктедім. Мектеп бітіруші түлектің психологиялық ахуалы оқушының емтихан тапсыруына кедергі келтірмеуі қажет екендігін ескерттім.

Жазғы маусым - бұл балалардың тынығуы үшін тамаша кезең. Ал біз осы уақытты тиімді пайдаланып, балаларымыздың жаңа оқу жылында сапалы білім алуларына жағдай жасауымыз қажет», - деп жазады Қайрат Нұртай желідегі парақшасында.

Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

62228917 2388681941457407 3844448483897507840 o

Мерекелік жиынға мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты. Алдымен, мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Гимні шырқалды.

Мемлекетіміздің символы болып саналатын рәміздер жөнінде Ардагерлер кеңесінің мүшесі, жазушы Сейдахмет Байдәулетов кеңінен әңгімелеп, оның ерекше орын алатын мәні мен маңызына тоқталып өтті.

Тарихқа жүгінсек, 1992 жылы 4 маусым тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Алғашқыда Елбасымыздың тапсырмасы бойынша құрылған Мемлекеттік кеңестің талқылауына Тудың – 1200, Елтаңбаның – 245, Әнұранның 750 нұсқасы ұсынылған екен.

Салтанатты шарада шымкенттік әншілер «Егемен елім», «Қазағым менің», «Көк тудың желбірегені» т.б. әндерді нәшіне келтіре орындады. Шара барысында қала өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Жаңа автобустар жеткізілді

Пятница, 31 Май 2019 04:16

«Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов Шымкентке жаңа автобустар жеткізілгенін әлеуметтік желіде хабарлады.

ЖАҢА АВТОБУСТАР

– Қоғамдық көліктерде кондиционер, пандустар, бейнекамералар, жолаушылар ағымының датчиктері, GPS-трекерлер, электронды табло бар. Алдағы уақытта қалаға күн сайын 5 автобустан жеткізіледі», - деді басқарма төрағасы.

Автобустар барлық техникалық стандарттар мен заманауи талаптарға сай. Ұзындығы 8 метр автобусқа 56 адам сыяды. Салондағы жолаушыларға дыбыстық хабарлау жүйесі орнатылған.

Айта кетейік, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында биыл «Шымкент» ӘКК арқылы 1000 автобус алу жоспарлануда. 1 шілдеге дейін 300 автобус жеткізіліп, қалған 700 автобус жылдың соңына дейін жеткізілмек.

Шымкентте 5 мектеп директоры ашық конкурспен тағайындалды. Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың жетекшілігімен арнайы комиссиялық топ 10 мектепті басқаруға үміткерлерді сынақтан өткізді.

мектеп конкурс фото

Конкурс жарияланған 10 мектеп директорлығына 38 үміткер құжат тапсырған. Конкурстың алғашқы екі кезеңінен өткен 19 үміткер әңгімелесуге жіберілді.

Әңгімелесуге келген үміткерлердің ішінен И.Асанов - №1 кешкі мектепке, М.Дүйсенбекова - №16 мектепке, Т.Әбдіхалық - Р.Мырзашев атындағы №76 мектепке, А.Аюбаева - А.Асқаров атындағы №77 мектепке, А.Қарабаева М.Әуезов атындағы №96 мектеп директорлығы лауазымына лайық деп танылды.

Ал қалған №№11, 24, 26 және 131 мектеп директорлығына қайта конкурс жарияланады.

Күзде «HIGHVILL» үйлері салынады

Пятница, 24 Май 2019 03:57

Бұл туралы «Шымкент» ӘКК» Басқарма төрағасы Рашид Аюпов пен Highvill Kazakhstan бас директоры Канг Джон Дэның кездесуінде айтылды.

High-2

Highvill тарапынан «Shymkent City» жобасына жауапты басшы тағайындалып, таныстырылды. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің мерзімі мен жоспары талқыланды. Рашид Аюповтың мәлімдеуінше, кореялық флагман «Shymkent City-ден» көп функционалды тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр.

Жаңа қалашықта үлкен саябақ та болады. «Shymkent City-де» 47 га аумақта оңтүстіккореялық теxнологиямен қала тұрғындарының игілігі үшін заманауи саябақ салынбақ.

Рашид Аюповтың айтуынша, «Shymkent City» қалашығындағы құрылыс жұмыстары 2019 жылдың күзінде басталады. Жалпы жоспар бойынша алдағы 10 жыл ішінде 7554 пәтер салынбақ.

Страница 1 из 7