Среда, 07 Июнь 2017 05:43

«ON DANCE» жастарға жат емес

Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында «ON DANCE» талантты жастарды қолдау жобасы аясында көше билерінен фестиваль өтті.

koshe bi

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған шараға Өзбекстан, Қырғызстан елінен және Алматы, Тараз қалаларынан 7-8 жастан тұратын 11 команда қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Фестивальдің мақсаты – жастардың заманауи би өнерін, талантын жандандыру, дарынды жастарды қолдау, ынталандыру және жастар арасында көше билерін дамыту. Фестивальге Алматы қаласынан келген Италияда өткен «Solo Contro II Mondo», Ресей Федерациясында өткен «FunBox», Украинада өткен «Adrenalin Fest» байқаулардың жеңімпазы Бауыржан Сейфуллин төрелік етті.

Жас дарындар бақ сынаған байқауда облыс әкімінің кубогын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан республикасы жастарынан құралған «Достық» командасы жеңіп алды. Айта кетерлігі, сайыстың жүлде қоры 1 млн теңге болатын.
Шымкент төрінде өткен бұл шараға қонақ ретінде МС және диджей Улан, «Mega Dance GK» студиясының жас бишілері қатысып, әдемі кештің әрін келтірді. Фестивальді жалпы 5 мыңға жуық жастар мен қала тұрғындары тамашалады.

Опубликовано в Әлеумет

Алдағы уақытта Оңтүстікте жастар саясатына жаңаша серпін берілмек. Бұл бағытта өңірімізде жастардың қатысуымен қылмыс көп орын алатын орындардың тізімі жасалып, қылмыстың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдау көзделіп отыр.

8c0b5497-69d9-4eeb-8fc2-bbaac3b38c70

Сонымен қатар, облыстағы барлық телеарналарда жастар бағдарламасының қатары артпақ және облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» жанынан жас көшбасшылар мектебі құрылады. Бұл жөнінде облыс әкімдігінде өткен мәжілісте айтылды.

Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың қатысуымен өткен жиында өңіріміздегі жастар саясатының жетістіктері де, кемшіліктері де ортаға салынды. Алдымен баяндама жасаған облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысы Б.Нарбекова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы Туған жер бағдарламасы аясында Астана қаласымен және Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстарының жастар саясаты мәселелері басқармаларымен екі жақты меморандум түзілгенін атап өтті.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 21 Апрель 2017 09:27

Жастар саясатына – жаңа бетбұрыс

Жасөспірімдерді қоғамдық қызметке тарту, белсенділігін ынталандыру – негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысындағы жоспарлы жұмыстардың жай-күйі қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде кеңінен талқыланды.

DSC 3657Жиында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалыбеков негізгі үш бағыт бойынша іс-шаралар жоспары түзілгенін мәлім етті. Яғни, алғашқы бағыт – бұқаралық спортты дамыту, білім беру мекемелеріндегі жастарды қолдауды көздесе, екінші бағыт – жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуды, үшіншісі – жұмыссыздықтың алдын алу, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталмақ. 

– Қала аумағында жалпы саны 240 мыңнан астам жас тіркелген, – деді Қанат Жұмағұл-ұлы. – Бұл – қала халқының 27 пайызын құрайды. Әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында тек өткен жылда 216 жас отбасы тұрғын үймен қамтылды. Жұмыссыз ретінде тіркелген 4212 жастың 2454-і тұрақты жұмысқа орналасты.

 

«I-mektep» құқықбұзушылық деңгейін төмендетеді

Жиында өзекті мәселе ретінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық деңгейінің көрсеткіштері сараланды. Атап айтқанда, өткен жылдың алғашқы 2 айында кәмелеттік жасқа толмағандар қолымен 30 қылмыс жасалған болса, биыл есепті мерзімде 48 қылмыс тіркелген. 

Өзекті мәселенің шешімін табу орайында, қала әкімдігі жуырда «I-mektep» электронды журналын пилоттық жоба ретінде іске қосқан еді.

Әкімдіктің прокуратура және полиция қызметкерлерімен бірлесіп әзірлеген электрондық бақылау жүйесі ендігі жерде еліміздің өзге өңірлерінде де тәжірибеге енгізілмек. Аталмыш пилоттық жобаны жүзеге асыруды ҚР Парламентінің депутаттары ұсынып отыр.

DSC 3542

Қазіргі таңда «I-mektep» электронды жүйесі оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау бойынша қала аумағындағы 29 мектепте жұмыс істеуде. Қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның айтуынша, электронды бақылау жүйесі оқушылардың үлгерімін арттыруға толық мүмкіндік береді.

– Оқушылардың сабаққа жүйелі түрде қатысуы – қылмыстық жағдайдың алдын алуда маңызды орын алады, – деді Данияр Мейірхан. – Бұл жүйе өз кезегінде, біздің ұзақ жылдар бойы атқарып келген қызметімізді едәуір жеңілдетіп, құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізуде.

Шымкент қаласының мектептерінде қолданысқа енген аталмыш пилоттық жүйе ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігі тарапынан зерделеніп, ел аумағындағы өзге де орта мектептерде жүзеге аспақ.

Шымкентте жасөспірімдер спорт лигасы құрылады

Жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық деңгейін төмендетудің бірден-бір жолы – салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту. Осы орайда, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов спорттық ойын түрлерінен жастар спорт лигасын құруды ұсынды.

– Түрлі командалық спорт түрлері бойынша мектеп лигасын құрып, оны қаржыландыруда қаладағы ірі кәсіпкерлерді демеуші ретінде тартуға болады, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы. – Жеңімпаз деп танылған команда мүшелерін бағалы сый-сияпатпен марапаттап, Астана немесе Түркия қалаларына саяхаттауына мүмкіндік жасауымыз керек.

DSC 3696

Ол үшін жастардың қоғамдық қызметтерге белсенділігін арттыру және оларды жүйелі ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік желілерді кеңінен пайдаланып, түрлі бағыттағы флешмобтарды ұйымдастыру күн тәртібіндегі алғашқы мәселе болмақ.

– Салауатты өмір салты және ізгі бастамалар трендке айналуы тиіс, – деді Ғ. Рахматоллаұлы. – Кеңес заманында, қарт адамдарға жәрдем қолын соза білген «тимуршылар» қызметін қазір де жандандыру керек. Бүгінгі идеология ретінде жастарға осындай бастамаларды ұсына аламыз.

Сондай-ақ, жиында ОҚМУ-нің ғимаратына қарсы бетте орналасқан, «Гарант» аталатын дүкен маңында ұялы телефондарды саудалаумен айналысатын азаматтардың мәселесі де сөз болды. Бұл орайда, қала әкімі жауапты сала мамандарына аталмыш орында бей-берекет әрекеттерді шектей отырып, ұялы телефондарын саудалаушы азаматтар үшін өз алдына жеке ғимаратты пайдалануға беруді тапсырды.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ғ. Әбдірахымов күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді. Берілген тапсырмалардың орындалу барысын өз қадағалауына алатынын жеткізді.

Опубликовано в Саясат
Среда, 19 Апрель 2017 10:48

Жастар флешмоб ұйымдастырды

Өңір жастары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын бірауыздан қолдайды. Осы тақырып аясында Әл-Фараби алаңына жиналған жастар ұлттық аспаптар оркестрінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырды.

17952889 1272471459535857 4347480404602412494 n

Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов мамандандырылған көрменің маңызына тоқталып, өңірдегі дайындық жұмыстарының барысымен таныстырды.

Шараға көрмеге іріктеліп алынған 85 ерікті жас, ұлттық аспаптар оркестрі, жалпы саны 150 азамат қатысып, жиналғандарға концерттік бағдарлама ұсынылды. Онда белгілі композиторлардың күйлері мен халық ішіне кең таралған әуендерді, патриоттық әндерді орындады. 

17952877 1272471612869175 3839707823826349070 n

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс көлемінде «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысатын 100 ерікті де бүгінде жоғары дайындықтардан өткен.

Опубликовано в Қала

«Жастық шақ – ерлік жасайтын кезең» деген екен француз жазушысы А. Стендаль. Осыны ұлы Абайдың:

DSC 0086«Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қияға салған шақ», – дейтін өлең жолдарымен ұштастырғымыз келеді. Біз осы жалындап, жанып, арындайтын шағымызда немен айналысып жүрміз? Артымызға бұрылып қарағанда, не көреміз? Адамзаттың Абайы хақында «Абай жолын» тудырған көрнекті қаламгер Мұхтар Әуезов небәрі 20 жасында өзінің алғашқы пьесасын жазып, сахнаға шығарған еді.

Ал атақты Шоқан Уәлихановтың 23 жасында Қашғарияға сапары сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді. Бар-жоғы 29-ақ жыл ғұмыр кешкен ол ғылымда ашылмай жатқан аралды ашып кетті.

Әйгілі Саттар Ерубаев та көктей солған қазақ жазушыларының бірі. Небәрі 23-ақ жыл өмір сүрген ол 16 жасында Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түсіп, 19 жасында «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 20 жасында Музыка театрының директоры қызметіне дейін өскен. 

Ғани Мұратбаев та 23-ақ жас жасаған. 19 жасында Түркістан Республикасы комсомол ұйымы ОК-нің бірінші хатшысы болды, Ташкентте «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, оның тұңғыш редакторлық қызметін атқарды. 

Сәкен, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бейімбет... жалпы, Алаш арыстарының қай-қайсысының да өмір сүрген кезеңі, қызметтік жылдары дауылды дүрбелеңмен тұспа-тұс келген. Қиын-қыстау кезеңде қынаптан қылыш суырғандай ұлттың сөзін сөйлеген. Олар ғұмыр кешкен заманда мемлекеттік қызметте, шығармашылықта, білім-ғылым саласында дәл қазіргідей жан жақты ыңғайлы жағдай мен орасан мүмкіндіктер болған жоқ. 

Біз, ХХІ ғасырдың жастары, өзімізге берілген тарихи мүмкіндікті тамаша пайдалана білуіміз керек. Ірі болу дегенді, биік болу дегенді алыстан іздемей-ақ, өзіміздің тарихи тұлғаларымыздан үйренейікші, достар!

anyqtama  27 1

Опубликовано в Қоғам

Бүгінде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамында» және Жолдауда көрсетілген тапсырмалары аясында шешімін тауып келеді. Әсіресе, жас мамандардың екі қолға бір күрек табуына «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының беріп отырған мүмкіндігі мол.

DSC 1068

Бағдарламаның үш бағытының да шарапатын көріп жатқан негізінен – жастар. Оқу орнын тәмамдап, диплом алғаннан кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған жас мамандар өз тәжірибесін жинақтауға жастар практикасына жүгіне алады. Егер мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналаса алмаса қайта даярлау курстарына жіберіліп, сұранысқа ие жаңа мамандық бойынша жұмысқа жолдама алады. 

Елімізде жастарға мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдаулар аз емес. Бұл жөнінде Елбасы биылғы Жолдауында да кеңінен тоқталып, елімізде кәсіптік білімді дамытуға ерекше мән беріліп отырғанын айта келе, оларды табанды еңбек етуге шақырды. Бүгінде жастардың сапалы білім алуына, өз бизнесін бастауына және жұмысқа орналасуға «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы», «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Серпін», «Болашақ» бағдарламалары өз септігін тигізуде. 

Жуырда Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Шымкент қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары қаламыздағы «Жабық», «Автонұр», «Самал», «Орталық», «Айна» базарларына барып жастарға мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін жан-жақты түсіндірді. Шара барысында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы, «Ырыс» микроқаржы ұйымының мамандары базарларда жұмыс істеп жүрген жастар мен жұмыссыз жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, сала мамандары жастардың еңбек құқықтарының бұзылған жағдайда, жұмысқа қабылданған кезде қандай іс-әрекеттер жасау, жұмысшының құқықтары мен міндеттері, қайта даярлаудан өтіп, жаңа маман иегері болу, жас кәсіпкер болу, кәсіпкерлікке оқыту, кәсіпкерлерге жасалынып отырған жеңілдіктер мен бағдарламалар, бизнесті бастау үшін қажетті алғышарттары туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Тиісінше жастарға 1200-ге жуық ақпараттық кітапшалар таратылды.

Нұрсұлтан ТАСТАНБЕКОВ,
Шымкент қаласы
ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы

Опубликовано в Қоғам
Среда, 01 Март 2017 05:59

TEDx – Шымкент қаласында

TED – «Таратуға тұрарлық идеялар» концепциясын басшылыққа алған Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жиын өткізді. Шарада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің TEDхShymkent жобасы жалпы орта мектептерге таныстырылды. Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов «TED» клубының мақсаты мен міндеттеріне қысқаша тоқталды.

IMG 4000

– Өзінің бастамасын 1984 жылы АҚШ-тан алған жобаны біздің мектептерге енгізудегі басты мақсат – оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу, әріптестік қатынастар, шешендік өнерді дамыту, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметті қалыптастыру. Клуб жұмысы аясында оқушылар әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары мен өнертапқыштарының қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі қысқаша қоғамдық лекцияларын тыңдап, оларды талқылайды. Сондай-ақ, өздері таңдаған тақырыптарға TED форматында баяндамалар дайындайды, – деді Балқан Маратұлы.

Ал осы мектептің «TED» клубының ұйымдастырушысы Рауза Үсенова жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің TED клубтары арасында үздік идеялар жарысы өткізілетінін айтты. Осы жарыстан озық деп танылған идеялардың иесі, әр мектептен бір оқушы Калифорнияда өтетін жыл сайынғы ТED конференциясына жолдама алып, әлемнің озық ойлы өнертапқыштарымен жүздеседі.

IMG 4887

TED «Таратуға тұрарлық идеялар» концепциясын басшылыққа алған бірнеше оқушы өз баяндамаларын оқыды. Олардың арасында 7 «Б» сынып оқушысы Нұрғаным Спатай «Өмірге құштарлық», 10 «Б» сынып оқушысы Аружан Бисенбай «Жақсылық жаса!», 9 «А» сынып оқушысы Ақбота Жайылхан «Интроверсия», 11 «К» сынып оқушысы Аида Құрбан «IELTS» сияқты қызықты тақырыптарда өздерінің баяндамасын жасады. 

Мұндай шаралар оқушының мүмкіндігін шынайы бағалай білу, таным кеңістігін, ой-өрісін кеңейту секілді дағдыларды қалыптастырып, сол арқылы оқушының тұлға ретінде дамуына үлес қосатыны сөзсіз.

Опубликовано в Білім
Среда, 01 Март 2017 05:35

Байқауда бақ сына, студент!

Студенттер арасындағы инновациялық идеялардың байқауы жарияланды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдіраxымов М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерімен кездесу барысында айтты.

akim

Байқау дарынды да талантты жастардың қабілетін арттырып, студенттерді ғылыммен шұғылдануға, сонымен қатар, өздерінің жобалары мен жаңа идеяларын іске асыруына мүмкіндік береді. Әрбір студент бұл байқаудың қатысушысы бола алады. 

Байқау 5 бағыт бойынша өткізіледі. Комиссия мүшелері әрбір бағыт бойынша үздік үш жобаны таңдап, әлеуметтік желілерде жариялайды. Ал жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталады. Байқау соңында олар өз жобаларын іске асыруға басшылық жасайтын болады. 

Байқау 2017 жылы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында келесі тақырыптар бойынша өткізіледі:

  • 1. ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын қала xалқына түсіндіру бойынша үздік жоба;
  • 2. Қоғамдық көліктердің жұмысын ұйымдастыру;
  • 3. Шымкент қаласы туралы үздік бейнеролик;
  • 4. Шымкент қаласындағы парктерді, шатқалдар мен жағалауларды тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
  • 5. Бұқаралық спортты ұйымдастыру бойынша тиімді жоба.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бас ғимаратында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығында оқитын студент жастарға мемлекеттік қызмет, басқару жүйелері мен қағидалары жайында дәріс беріп, студент жастардың сұрақтарына жауап берген болатын.

Опубликовано в Білім

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиынға облыстық білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелері басқармасы, ата-аналар комитеті, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.

 

DSC 0729Облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Мұсабек Зұлпыхаров 2016 жылдың қорытындылары бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көрсеткішінің көбейгенін мәлімдеді. Мәселен, былтыр кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс облыста 57 пайызға (293-тен 460-қа) өскен. Құқықбұзушылыққа бейім 1089 жасөспірім және 609 жайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алыныпты. Өткен жылы кәмелетке толмағандар тарапынан өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының 89 жайты тіркелген.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Раушан Ергашова қылмыс жасаған 460 кәмелетке толмағандардың ішінде 91-і жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, 369-ы колледждер мен ЖОО студенттері екенін айтты.

Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмай ерте жүктілікке бой алдырған оқушы қыздар саны өткен жылғы көрсеткіш бойынша 8-ге жеткен. Олардың 2-і – Сарыағаш, 1-і – Мақтарал аудандарынан болса, 5-і – Шымкент қаласынан. 

Жиын барысында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы мемлекеттік органдардың қызметін сынға алып, олардың нәтижелі жұмыс жасауын талап етті. 

– Бұл мәселелерді шешуге жастар ұйымдарын тартып, ерікті сақшылар отрядтары мен халық жасақшыларының белсенділігін арттыру қажет. Мемлекеттік органдардың арасында өзара қарым-қатынастың жоқ екенін байқап отырмыз. Сондықтан кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін барлық күшті біріктіріп, ата-аналар, педагогтар, мемлекеттік емес ұйымдар және бизнес қауымдастықтарымен бірлесе жұмыс жасауға тиістіміз, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 13 Январь 2017 09:15

«Уақытты бақытқа бағындыра біл»

«Бүгінгі заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман». Жуырда облыстағы белгілі жоғары оқу орнының бірінде ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, бетті басар келеңсіз жағдайға куә болдық. Жиынға шетелден ғалымдар келген. Тұжырымдамалар таныстырылды. Байыпты баяндамалар оқылып, бәтуалы басқосу болып жатыр. Ал артқы қатардағы орындықтарға жайғасқан студенттердің ғұламалардың нәрлі әңгімесін тыңдауға мүлде зауқы жоқ. Телефонның қызығына кірген. Тіпті базбірі түнде қанбаған ұйқысының есесін осы жерде орындап алуды құп көргендей. Бұл жағдайды көріп, көңіл құлазыды-ақ.

zhastar 4

Өткен нөміріміздің бірінде ғана жастар саясатын дамытудың басты үш тетігі жайында аз-кем әңгіме қозғағанбыз. Соның ішінде жастар дұрыс білім алуы керектігі сөз болған. 

Елбасы әр жиында «Дарынды ұрпақ – қарымды ұрпақ», «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман», «Ел болашағы – жастардың қолында», дегендей жас ұрпақтың уақытын текке өткізбей, білімге ұмтылуын үндеп-ақ келеді. 

Қазір жастарға барлық мүмкіндік жасалған кезең. Таяуда өткен республикалық жастар форумында оған тағы да көз жетті. Елдің барлық өңірінен, 1000-нан астам адам, оның ішінде кәсіпкерлер, өндірістің түрлі саласының мамандары, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысқан жиында Ұлт көшбасшысы бұл жағдайды тағы да қадап айтты. Елде жастардың өмірден өз орнын табуына бірегей мүмкіндіктер жасалғанын, қазіргі әлемнің заманауи үрдістеріне сәйкес келетін, сын-қатерлеріне төтеп беретін сапалы білім алудың маңыздылығына назар аударды. 

– Жас ұрпаққа, өткеніміз бен келешегімізге қамқорлықпен қарау әрқашан менің саясатымның басты мән-маңызы болып келеді. Әрбір жастың білім алуына, жұмыс істеуіне, отбасын құруына, баспана алуына мүмкіндігі бар, – деді Елбасы. Тәуелсіздік жылдарында жас зерттеушілер мен ғалымдар саны артты. 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта жас бизнесмендердің 55 жобасына банк несиелерінің пайыздық төлемдеріне мемлекет тарапынан субсидиялау түріндегі қаржылық қолдау көрсетілген болатын. 

Рас, әлем жаңа технологиялық дәуірге аяқ басты. Оның қарқынына ілеспек ләзім. Болашақ та біздің алдымызға «ілгері бас, жетіле түс» деген талап қойып отыр. 

Әрине, әрбір жастың биліктің тұтқасында отыруы шарт емес. Жастар мақсатты арманға ұмтылып, ең бастысы, саналы, білімді азамат болып өсуі керек. 

Сол жиында естідік қой. 

Кітап оқымайды дегеннен шығады. Қазіргі жастар ғаламтордың ғаламатына құнығып бара жатқандай.
Мәселен, Brand Analytics сервисі дайындаған мәліметтер бойынша, елде 3,3 млн адам әлеуметтік желіні белсенді қолданады. Яғни, зерттеушілер кемінде айына бір рет парақшаларын 
жаңартатындарды есепке алған.
Тұрғындардың ең көп тұтынатыны «В Контакте» желісі – 1,945 млн адам. Оның басым бөлігі 18 жасқа дейінгілер.

Арман Тосқанбаев деген 25 жастағы жігіттің жеке өзінде 4 компания бары, оның біреуінің өзі жылына 168 млн теңге табыс табатыны көңілге қуаныш ұялатты. «Отан» брендімен сағат жасайтын кәсіпорны 

«Қазақстанда жасалған» жобасын іске асыруға үлес қосып жатыр. 33 жұмыс орны ашылған. 

А.Тосқанбаев Президенттің қолына сағатын өзі тағып берді. Міне, мұндай жастарға қалайша тәнті болмайсыз?! Білім, ғылымға бас ұрып, өмірден өз орнын табар замандастар осындай азаматтардан үлгі алуы тиіс. 

Жастар жайлы сөз еткенде күнделікті көз көретін көрініс те көңілге көлеңке түсіреді. Негізінен, қала ішінде қоғамдық көлікпен қатынаймыз. Оқуға бара жатқан студенттер, оқушылардың дені автобустың артқы бөлігіне жайғасып алуға асығады. Көпшілігі құлаққап киіп алып, басқа әлемге еніп кетеді. Солардың ішінен кітап оқып отырған немесе қағаз қарап отырған біреуін көрмейсің. Бұл жағдай «Құлықсыздың құлағы да құлыптаулы» деген бабалар сөзін еске түсіретіндей. 

Белгілі қаламгер Мархабат Байғұт осыдан үш жыл бұрын «Бес асыл іс, бес дұшпан» деген дүние жазып, онда осы жағдаяттарды баса айтып өткен. Қалалық орталық кітап­ханада өткен «Адамзаттың Абайы» атты кеште отырған жетпіске жуық жеткін­шектің қалғып-мүлгіген кейпіне күйінген-тін. «Адамзаттың Абайы алашыңыздың оғландары мен қорландарына тіпті де қажет емес сияқты. Адамзатыңыздың Абайы алыстағы, әлдеқайдағы, әйтеуір қазағыңыздан басқа бір адами заттарға керегірек секілді сезінушілікті сезіп, селк ете түсесіз», – деп еді қаламгер. 

Кітап оқымайды дегеннен шығады. Қазіргі жастар ғаламтордың ғаламатына құнығып бара жатқандай. Мәселен, Brand Analytics сервисі дайындаған мәліметтер бойынша, елде 3,3 млн адам әлеуметтік желіні белсенді қолданады. Яғни, зерттеушілер кемінде айына бір рет парақшаларын жаңартатындарды есепке алған. Тұрғындардың ең көп тұтынатыны «В Контакте» желісі – 1,945 млн адам. Оның басым бөлігі 18 жасқа дейінгілер. 

Ілгерідегі біздің аға, апаларымыз секілді саябақтарда кітап оқып отыратын жастарды бүгінде кездестіру қиын. Тіпті, сенбі сайын кітапханаға барғанымызда рухани игілікті пайдаланып, кітапқа үңілетін жас оқырманның некен-саяқтығы да көңіл құлазытады. 

Жақында интернетте әлем елдерінің астанасын жатқа білетін 3 жасар қазақ баласы жайында бейнеролик шықты. Қайрат Құдайбергенұлы есімді фейсбук қолданушысының жариялаған видеосында тілі енді шыға бастаған бүлдіршін әр елдің астанасын айтып тұр. «Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Германия, Испания, т.б алпауыт елдердің бас қаласын мүдірмей жатқа соғатыны тәнті етті. Осындай талап қылуға, сәби кезінен ілім мен білімге ұмтылуға тәрбиелеген сәбидің ата-анасына мың алғыс! Міне, біздің қазақ ұлтының келешегі осындай жастар болса керек. 

Заман – ойлының, талаптының заманы. Өйткені, «уақыт алғанын қайтып бермейді, бақыт ұшса, қайтып келмейді». 

Ендеше, уақытты бақытты ұшырып алмауға жұмсаған ұтылмайды. Ал бақыт – білімнің бұлағында екені даусыз.

Фото авторы:
Данияр ҚОЖАБЕК
Әйгерім БЕГІМБЕТ 

Опубликовано в Әлеумет
Страница 2 из 4