×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Елбасы есiмi ұлықталды Избранное

Пятница, 05 Декабрь 2014 03:50 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3973 раз

Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында»  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» арналған салтанатты мерекелік шара өтті. Шара барысында  Елбасы Н.Назарбаевтың өмір жолын сипаттаған деректі фильм көрсетіліп, тарихи сәттерден сыр шертетін суреттер көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

 dsc0704Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Асқар Мырзахметов мемлекеттік мерекенің мән-маңызына тоқталды. Мемлекет тағдыры талқыға түскен сын кезеңде ел тізгінін ұстаған
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұшан-теңіз еңбегі бүгінде өз деңгейінде бағаланып отырғанын айта келе, атаулы мереке шын мәнінде, Елбасыға деген халықтың шынайы ризашылығы мен шексіз сүйіспеншілігінің айқын көрінісі болып табылатынын жеткізді.
- Оңтүстік өңіріне жасаған әрбір сапарында Елбасы мұндағы қандай да бір оңды өзгерістер мен шаруаның жайын назардан тыс қалдырған емес. Өзіндік тиянақтылығы мен тындырымды тірлігін бағамдай келе, Шымкентті еліміздегі үшінші мегаполис қалаға айналдыруға тапсырма беруі де баршамызға баянды болашақты нұсқап, қосымша жауапкершілік жүктегені анық. Бұл Елбасының көрегендігін, Астана мен Алматы ғана емес, сонымен қатар, өңірлердің заман талабына сай дамуына жол сілтеген пайым-парасаты жоғары екендігін аңғартады, – деді құттықтау сөзінде Асқар Исабекұлы.
Еліміздің Тұңғыш Президенті қазақ елі үшін тарихи маңызы зор тәуелсіздік жылдарында жас мемлекеттің бас сәулетшісі, әрі негізін қалаушысы болды. Әлбетте, азаттық таңы арайлап атқан тұста тәуелсіз мемлекет құру, тұрақтылық орнату, ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету оңай болмағаны анық. Ол үшін бағыт-бағдары айқын жүйелі жоспар мен жан-жақты ойластырылған байыпты бағдарлама керек болатын. Ұзақ мерзімді даму Стратегиясы дәл осы талаптарға жауап беретін, күні бүгінге дейін посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ бағдарлама еді. Соның арқасында Қазақстан ұзақмерзімді айқын бағдарлар мен оларға қол жеткізудің нақты жолдарына ие болды. Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген жеке кәсіпкер, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Серікжан Сейтжанов Елбасының кесек ойлы бітімін айқын танытатын бірқатар естеліктерін баяндап өтті.
- КСРО құлағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикалардың алдында қай жолды таңдау керек, жылдар бойы қалыптасып қалған адамдардың сана-сезімін, қоғамдық құрылымды қалай өзгерту керек деген сұрақ кесе көлденең қойылды. Осынау ауыр дағдарысты жағдайдан шығудың жолын әркім өзінше іздеп табуға тырысты. Дегенмен, біздің Қазақстанның таңдаған жолы солардың ішіндегі ең бір оңтайлы да тиімді бағыт болғандығын уақыттың өзі дәлелдеп берді, – деді
Серікжан Сейтжанұлы.
Жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа экономикалық және қаржылық тәртіп құру туралы ұсыныстары әлемде үлкен серпіліс туғызды. Еліміздің және ел Президентінің әлемдік қауымдастықтағы биік беделінің тағы бір дәлелі – ЕҚЫҰ төрағалық етуіміз бен Астанада осы ұйымға мүше елдердің басшыларының басын қосқан Саммиттің өткізілуі болды. Сонымен қатар, ел астанасында әлемдегі ең ірі халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу туралы тарихи шешім қабылданды. Бұл - Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықта лайықты орын алатындығын, ел Президентінің әлемдік ауқымдағы биік беделді саясаткер екендігін айқын танытады. Мерекелік шара барысында көпшілікке құттықтау лебізін білдірген облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Роза Пак, Сайрам ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар, облыстық өзбек этно-мәдени орталығы жанындағы жастар қанатының төрағасы Рихсибай Мамедовтың бір арнаға тоғысқан ортақ ойлары осыған сайды.
Шара барысында ұлт-аспаптар оркестрі, бишілер мен әншілердің қатысуымен концерттік бағдарламалар көрсетілді. Мерекелік шара «Оңтүстік цирк» ғимаратында жалғасын тапты.