Басылымға қолдау көрсетуде

Пятница, 09 Январь 2015 04:54 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3927 раз

64228 715390081880782 7553867201923797465 nҚаламыздың басты басылымы – «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттеріне жазылу жұмысы ойдағыдай атқарылуда. Бұл ретте газетімізбен жыл бойы бірге болып, қолдау танытып жүрген жанашыр азаматтардың барын айта кеткен жөн.
Солардың бірі – «Зерде» ЖШС-нің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Мұхтар Битеміров. Халық қалаулысы өз есебінен қалалық басылымдардың 100 данасын қаладағы ардагерлер мен зейнеткерлерге жаздырып, қайырымдылық жасап келеді. Сондай-ақ, «Фиркан-Сити» ойын-сауық орталығының директоры
Ильяс Гарипов та 100 дана газетті жаздырып,ол Қарттар үйінің тұрғындарына таратылуда. Күнделікті қала өмірінде орын алып жатқан жаңалықтардан хабардар болатын оқырмандар санының көбеюіне атсалысып, қолдау танытып келе жатқан азаматтарға біз өз тарапымыздан шексіз алғысымызды білдіреміз!

«Шымкент келбеті»,
«Панорама Шымкента»
газеттерінің ұжымы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.