Облыс әкiмiнiң жұмысы жоғары бағаланды

Пятница, 16 Январь 2015 03:48 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4681 раз

Оңтүстікқазақстандықтар алдыңғы жылы «Sayasat.org» сайтында жарияланған «Жыл адамы» номинациялары бойынша сарапшылар үздік деп таныған саясаткерлердің есімдерін ұмыта қойған жоқ. Ұмыттырмайтыны сол үздіктердің қатарында облыс әкімі Асқар Мырзахметов те бар болатын.

Myrzahmetov«Жыл әкімі» номинациясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов үздік деп танылды. Сарапшылар бұл номинацияда үздік тұлғаны анықтау барысында бірнеше позицияны бағалаған. Кешегі дерлік жаңалықты жаңғыртып отыруымыздың себебі де жоқ емес. Уақыт өтсе де облыс әкімі үнемі сарапшылардың жоғары бағасына ие болып келеді.
Мысалы, «Саясат-Monitoring» тобы 2014 жылдың соңғы айында облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің қайсысы өз жұмысында табысқа жетті» деген сауалды сарапшыларға жолдаған. Жабық жағдайда өткен сауалнамаға саясаткерлерден, қоғам қайраткерлерінен, блогерлерден, саяси технологтардан және журналистерден құралған 27 сарапшы қатысыпты. Оның қорытындысы бойынша әкімдердің желтоқсан айындағы рейтингісі түзілген. Сөйтіп, сарапшылар жасаған қорытынды бойынша желтоқсан айында нәтижелі жұмысымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
Асқар Мырзахметов І-орынды иеленді. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков алғашқы үштікке енді.
Айта кетелік, «Саясат-Monitoring» тобы сарапшылардың көмегімен өткен жылы тұрақты түрде өңір басшыларының жұмысын бағалап отырды. Міне сол жыл бойғы жүргізілген сауалнамада, яғни өткен жылдың 12 айында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов
6 рет рейтингтің үшінші орнын иеленіп келген болатын.

Последнее изменение Пятница, 16 Январь 2015 03:52
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.