Ғасырлар күресiнiң жемiсi

Пятница, 19 Декабрь 2014 04:23 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5059 раз

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – ғасырлар күресінің жемісі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

273019 383865485 MAТәуелсіздігімізді ұлықтаған жиынға депутаттар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, қала, аудандардан келген делегаттар, оқу орындарының басшылары мен ұстаздары, этно-мәдени бірлестіктер мен азаматтық ұйымдардың өкілдері, жастар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция жұмысы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғалидің алғысөзімен басталды.
– Біздің тәуелсіздігіміз шын мәнінде ғасырлар күресінің жемісі. Сонау түркі мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі – Күлтегін, одан бері қазақ хандығының туын тіктеген Керей мен Жәнібек әрқайсысы өз заманында елдің келешегін, береке-бірлігін үнемі еске алып, кемел келешегі үшін күрескен, – деді Б. Құрманғали.
Қазақ мемлекетінің қалыптасу жүйесі мен оның даму заңдылықтарын, мемлекеттіктің негізінде ұлттық сананың өрістеуі үрдісін белгілейтінін айтқан Б. Құрманғали Қазақстан Президенті кәсіби тарихшыларға қазақтың өзін-өзі тануы туралы идеяны ұсынғанын, 2004 жылдан бастап Елбасының тікелей көмегімен қазақ тарихы туралы мәліметтер мен басқа мемлекеттерде сақталған тарихи жәдігерлер, деректер жиналып, ғылыми айналымға қосылғанын атап өтті.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.