Бiрлiкке ұйыстыратын қарар қабылданды

Пятница, 16 Январь 2015 04:05 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3126 раз

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы «Қазақстан жолы – 2050» нақты істер бағдарламасы» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» мәжілісін ұйымдастырды.

Оны аталған хатшылықтың басшысы Т.Құрманбаева жүргізіп отырды. Басқосуға облыстағы этномәдени орталықтардың жетекшілері, Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың өкілдері, Аналар кеңесінің, «Ел бірлігі» облыстық мәслихат депутаттық тобының мүшелері қатысты.
Негізгі баяндаманы жасаған М.Әуезов атындағы ОҚМУ саясаттану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты С.Қорғанова Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын жан-жақты әрі тереңнен талдай отырып, көпшілікке егжей-тегжейлі түсіндірді. Қосымша баяндама жасаған М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің саясаттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты С.Мәжінбеков жаһандану кезеңінде Қазақстанға төнуі мүмкін қауіпсіздік пен проблемаларды айтса, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы
Б.Көмекбаева өңірімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан этнос өкілдеріне мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайларды баяндады.
Басқосу соңында оңтүстікқазақстандықтарды Елбасы Жолдауында айтылған құндылықтар төңірегінде топтасуға және онда көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында еңбек етуге шақырған қарар қабылданды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.