×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Кезектен тыс сайлау – уақыт талабы

Пятница, 20 Февраль 2015 05:19 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4858 раз

ua56ngk6anv356pgnОблыстық ардагерлер кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Президентін кезектен тыс мерзімінен бұрын сайлау жөнінде көтерген бастамасын қолдайды. Өңірдің зиялы қауымы мен БАҚ өкілдерін жиып, арнайы «дөңгелек үстел» ұйымдастырған кеңес мүшелері осындай мәлімдеме жасады.
– Бұл сайлауды өткізу идеясы қазіргі кезеңде талап етілген жағдай болып отыр, – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов. – Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу өз кезегінде, еліміздің қарқынды дамуына, «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асырылуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Дәл қазіргі бүкіләлемдік геосаяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында бізге бірлесе іс-қимыл атқарып, ортақ идеяның төңірегінде топтаса білгеніміз абзал. Осы арқылы барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, жаһандық дағдарысты еңсеруге, ел экономикасының қарыштап дамуына жол ашқан болар едік.
Бүгінде ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы мен ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру үшін қоғамдық оң көзқарасты қалыптастырып, күш-жігерімізді бір мүддеге жұмылдыру қажет. Жиында жарыссөзге шыққан зиялы қауым өкілдерінің айтар ортақ ойы осыған саяды.

marhabatМархабат БАЙҒҰТ,
«Ырыс алды – ынтымақ»
қоғамдық форумының хатшысы, Халықаралық «Алаш»
сыйлығының лауреаты:

– Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі ұсынған ҚР Президентін мерзімінен бұрын сайлау туралы ұсынысын өз басым, өте құптарлық деп білемін. Өйткені, ҚР Президенті мен Парламент депутаттарын сайлау науқанын бір жыл мерзім ішінде қамту ел тұрғындарына айтарлықтай салмақ болары рас. Ендеше, Ұлт көшбасшысын мерзімінен бұрын сайлау – уақыт талабынан туындаған қажеттілік.
Баршаңызға мәлім, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын ұсынған кезде, Елбасы
Н.Назарбаев алдымызда күтіп тұрған 10 сын-қатерді атап көрсетіп, кезіккен кедергілердің алдын алуға бағытталған нақты іс-шаралардың тетігін де нұсқаған еді. Бүгінгі жаһандық дағдарыстан мойымай, өзара ынтымақ-бірлік аясында ұйыса қызмет ету арқылы Елбасы жарқын жетістіктерге қол жеткізуге болатынын ұқтырды. Осы орайда, елдің келешегіне айқын бағдар сілтеп, даңғыл жолды көрсеткен Ұлт көшбасшысының жемісті қызметін халық жоғары бағалайды.

Алданазар ҚҰРМАНБАЙ,
«Құрмет» орденінің иегері,
ардагер құрылысшы:

– Баршамыз қазір жаһандық экономика тұрақсыздығына куә болып отырмыз. Әлемдік экономика дамуының 2015-2016 жылдарға арналған болжамдарын жақсы деп айта алмаймыз. Осы орайда, ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы – дағдарыстың алдын алуға бағытталған шара болып табылады. Соның нәтижесінде, инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Шағын және орта бизнеске де қолдау бар. Бүгінгі бейбіт ғұмыр кешкен ел тұрғындарының берекелі тұрмысын бағамдай отырып, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу идеясын толығымен қолдаймыз.

medeuovШерім МЕДЕУОВ,
тыл еңбеккері:

– Мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныстың көтерілуі – елдің жарқын келешегіне деген сенімнің көрінісі іспетті. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеудің негізгі бағдарын айқындауда бұл шараның маңызы жоғары болмақ. Елдегі ең басты сайлау науқанын кейiнге қалдырмай, оны алдын ала өткiзетiн болсақ, еліміз ағымдағы күн тәртiбiнде тұрған әлеуметтiк-экономикалық толғақты мәселелердi шешудiң жолдарын табуға мүмкiндiк алады. Біз кезектен тыс сайлау өткiзу идеясы ел мен халықтың мүддесi тұрғысынан туындап отыр деп есептеймiз. Жұмыла қызмет етіп, саяси алаңда бiрiге отырып, елiмiздiң дамуындағы осы бiр елеулi кезеңдi табыспен еңсере аламыз деген сенiмдемiз. Бұл бастама – ұлттық мүддемізге сай келеді деп санаймын.

Әлібек БАЙНАЗАРОВ,
Сайрам аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Қалың бұқара қолдау танытып жатқан бүгінгі бастама оң шешімін тауып жатса, мерзімінен бұрын өтер президент сайлауы ел экономикасын дамытуда жағымды рөл атқаратынына сенімдіміз. Бұл шара сыртқы экономикалық дағдарыстың жағымсыз әсерін табысты еңсеріп қана қоймай, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолын жалғастыруда да шешуші шартқа айналар еді. Мiне, сондықтан да, күллі Қазақ елі аталған бастаманы толықтай қолдап отыр деген ойдамын.

beknazarovАйтжан БЕКНАЗАРОВ,
Ұлы Отан соғысының
ардагері:

– Президенттік сайлау өткізу – ел тұрғындарының мүддесі үшін өте маңызды, өте жауапты шешім. Бүгінгі бастама Қазақстанның жарқын болашағы мен гүлденуі жолында баршамыздың күш-жігерімізді бір арнаға тоғыстыру болып табылады.
Бүгінде әлемде қаржы-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны таралып, күрделі геосаяси қысымның салдарынан жағдай шиеленісе түсуде. Дәл осы кезеңде Елбасының өзі атап өткендей, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болмақ. Осы күрделі кезеңнен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана ойдағыдай өте алатын болады. Қазақстан жаһандық дүниенің бір бөлшегі болғандықтан, сыртқы теріс ықпалдардан тыс қала алмайды. Сондықтан, Мемлекет басшысын лайықты сайлап алғанымыз жөн деп білемін.