Жаңа жобаларды дамытуға ынталы Избранное

Среда, 20 Январь 2016 05:48 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3793 раз

Қала басшысы қытайлық инвестормен кездесті

12438951 1688888164690877 971670814150673156 n

Шымкент қаласының әкімі ҒабидоллаӘбдірахымов Қытай Халық Республикасы «Датанг оверсиз инвестмент» компаниясының Орталық Азиядағы инвестициялық жобалар жөніндегі басшысы Чжан Чжемен кездесті. Бұл Елбасының баламалы энергия көздерін дамыту жобасын қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр.



Қазіргі таңда әлемде энергия көздеріне деген сұраныстың жыл өткен сайын артып отырғанын сөз еткен қос тарап, жаңа энергия көздерін табудың жолдарын талқылады. Бұл ретте «Датанг» компаниясының өкілдері қалпына келетін қуат көздері жөніндегі жобаларын дамытудағы ынтымақтастық туралы өз ойын ортаға салды. Өз кезегінде шаһар басшысы «Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы» жаңа жобаларға осындай экологиялық талапқа сай энергия көздерінің қажет екендігін айтып өтті. Әрі қызығушылық танытқан кәсіпорындарға қолдау көрсететіндігін жеткізді. 

Айта кетерлігі, қазіргі таңда қытайлық компания Қазақстанда көмір газын өндіру жобасына белсене араласуда. Қазір олар еліміздегі электр стансаларын газ генераторларымен жабдықтауда. Экологиялық тиімді жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.