Стратегиялық маңызы зор қала Избранное

Пятница, 15 Январь 2016 06:18 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3263 раз

Кеше облыс әкімі қаладағы бірқатар елді мекендердің
мәселесімен танысты

Облыс әкімі Б.Атамқұлов Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты бірқатар елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінде ауданға қарасты 12 тұрғын үй алабы мен 21 шағын ауданда 220 мыңға жуық тұрғын бар.


12509738 1530924423901832 5908079309245898191 nЕң алдымен, Ақжар елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің жұмысымен танысқан облыс әкімі қала басшылығына аталған мекеннің тұрғындарын сумен қамту мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Бұл тапсырманың орындалу барысын өңір басшысы сондағы ауыл ақсақалдары кеңесі арқылы біліп отырмақ. Айта кетерлігі аталған елді мекенде 630 тұрғын үй болса, онда 4 мыңнан астам xалық тұрады. Елді мекендегі таза ауыз су мәселесі шешілгенше, ауыл тұрғындары бүгінгідей жер асты суын пайдаланбай, Ақжар елді мекенінің басына келіп тұрған таза ауыз суды тұтынатын болады. Сапар барысында аймақ басшысы қала аумағында орналасқан Қорғасын зауытының кен қалдықтарын залалсыздандыру мәселесіне де көңіл бөлді. Қала тұрғындарының денсаулығына кері әсері мол бұл қорғасын үйінділері 2014 жылдан бері қалалық ТҮКШ бөлімінің меншігінде. Мұндағы зиянды қалдықтар үйінділері бойынша баяндаған М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Ж.Мырхалықов улы химикаттардың ауаға таралуын болдырмау үшін арнайы жасыл шыммен жабуды ұсынды. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына жобаны кеңінен зерттеп, зерделеуді және жақын арада ең тиімді технологияны ұсынуды тапсырды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Абай ауданындағы бірқатар жолдарды аралап, Арғынбеков көшесіндегі кептелісті азайту мақсатында оған төртінші жолақ қосуды тапсырды. Сонымен қатар, Абай даңғылын «Алматы – Термез» айналма жолына қосу үшін жасалған сызбаны мақұлдап, қала басшылығына оның жобалық сметалық құжаттарын әзерлеуді жүктеді. Сондай-ақ, «Самара – Ташкент» айналма жолын қаланың келбетіне сәйкестендіріп, ондағы сауда орындарын екінші деңгейлі жолдарға көшіруді айтты.
Стратегиялық маңызы зор қала болып табылатын Шымкентті дамыту үшін облыстық бюджеттен 2016 жылға 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінсе, оның 22,6 млрд. теңгесі нысаналы даму трансферттері болып табылады.
– Оңтүстік Қазақстан облысындағы күрмеуі шешілмеген әрбір мәселе күн тәртібінен түспейді. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмыстарын Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауларында үнемі басты назарда ұстайды. Ортақ мәселені шешуде Сіздердің айтқан әрбір ұсыныс, тілектеріңіз біз үшін маңызды. Бүгінгі көтерілген проблемалар міндетті түрде ескеріліп, заң аясында шешімін табатын болады, – деді облыс әкімі тұрғындармен кездесуінде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.