Елбасының алғыс хаты табысталды Избранное

Пятница, 06 Май 2016 09:48 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5006 раз

IMG 20160505 110419

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқаны кезінде белсенді еңбек етіп, зор үлесін қосқан 34 азаматқа алғыс хат табысталды.

Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов және қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров белсенділерге салтанатты түрде құрмет көрсетіп, алғыстарын айтты.
– Біздің партиямыз сайлау барысында халық тарапынан мол сенімге ие болды. Сайлау қорытындысы бойынша, облыстық мәслихатқа 50 депутат сайланса, соның 48-і біздің партиямыздың мүшелері. Ал қалалық мәслихаттағы 29 халық қалаулысының 27-сі «Нұр Отан» партиясының қатарында. Халық билік партиясына және болашақтың жарқын болатынына зор сеніммен қарайды, – деді Ө.Мелдеханов.
Белсенділер «Нұр Отан» партиясы төрағасының, сондай-ақ, партия төрағасының бірінші орынбасары А. Мырзахметовтың, партияның ОҚОФ төрағасы Б.Атамқұловтың және партияның ОҚОФ төрағасының орынбасары Б.Қыстауовтың арнайы алғыс хатына ие болды.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.