×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Қоғамдық ахуал тұрақты Избранное

Среда, 03 Август 2016 04:43 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4157 раз

Шымкент қаласында бүгінде саяси-қоғамдық ахуал тұрақты. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен кезекті қала әкімдігінің мәжілісінде айтылды. Шымкент қаласындағы қоғамдық саяси жағдайды тұрақтандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалыбеков баяндама жасады.

Шымкент қаласының алғашқы жартыжылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы туралы қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова айтып өтті. Яғни, осы жылдың 1 шілдесіндегі статистикалық мәліметке сәйкес, өнеркәсіп өнім көлемі 155,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 5 пайызға, тасымалданған жүк көлемі 7,2 пайызға, іске қосылған тұрғын үй 2,9 есе, кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 1,4 пайызға өскен. Ал, экономика салаларында 9 434 жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрады. Сонымен қатар, қала бойынша орташа айлық жалақы 11,2 пайызға өсіп, 95 220 теңгені құраған.

Қала әкімдігінің мәжілісінде шаһар тұрғындарын толғандырып отырған бірқатар мәселелер сөз болды. Өз кезегінде шаһар басшысы әкім орынбасарлары мен аудан әкімдерін, бөлім басшыларын халықпен кездесіп, түйіткілді проблемалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.