Ынтымақтастық мәселелері талқыланды Избранное

Среда, 31 Октябрь 2018 04:14 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 373 раз

Қазақстан мен Өзбекстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Шымкентте келіссөз жүргізді. Екі елдің Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.

10

 

Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановтың және Өзбекстан Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовтың тең төрағалығымен өткен келіссөздер барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
Басқосуға орталық мемлекеттік органдардың басшылары да қатысты. Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың және халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылдың қазіргі ахуалы мен даму мәселелері талқыланды. Сонымен қатар терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұру, ақпараттық және кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы, сондай-ақ сотталған азаматтарды жазасын өз мемлекеттерінде өтеу үшін беру мәселесі жөніндегі өзара ықпалдастық аспектілері күн тәртібіне қойылды.
Кездесу барысында тараптар су қатынастары саласына қатысты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Жол картасы тармақтарының орындалуының алдын ала нәтижелерін қарады. Жұмыс қорытындысы бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді. Айта кетейік, Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасындағы консультациялар Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының тапсырмаларына сәйкес тұрақты өтеді.

 

Последнее изменение Среда, 31 Октябрь 2018 11:46