Жолдау жауапкершiлiк жүктейдi Избранное

Пятница, 21 Ноябрь 2014 03:43 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5415 раз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы бойынша қала активінің кездесуі өтті. Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынды шаһар басшысының орынбасары Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды.

DSC 1098Кездесуде қала әкімінің орынбасары Елбасының Жолдауы мен алдағы міндеттер бойынша баяндама жасады.
– Даму жоспарымызды айқындап берген Елбасының бұл Жолдауы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталды. Шын мәнінде, елдің өркендеуі жолындағы барлық саланы түгел қамтыған Жолдау болды. Ерекше атап кетерлік жайт, Елбасымыз айтып өткендей, алдағы уақытта елімізде тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылмақ. Бұл үлкен жетістік, халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді, – деді Б. Нарымбетов.
Сондай-ақ жиында облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов Жолдаудың мән-маңызына тоқталып өтті.
– Елбасының «Нұрлы Жол» атты жаңа Жолдауы біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің бағдары болмақ. Өздеріңіз байқағандай, Жолдауда әлеуметтік мәселелерге көп назар аударылды. Әсіресе, халықтың арзан баспанаға қол жеткізуге мол мүмкіндіктер жасалатыны айтылды. Бұл мәселе шынында өте өзекті. Қазіргі таңда қаламызда 13 мыңнан астам азамат үй кезегінде тұр. Жолдауда айтылғандай, еліміз бойынша тұрғын үй инфрақұрылымдарын дамытуға алдағы екі жылда 180 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінбек. Бұл көп мәселені шешеді деп ойлаймын, – деді Ө. Мелдеханов.
Жиында Президент Жолдауы бойынша өз пікірлерін білдірген «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы Марина Лимаренко, Өзбек ұлттық мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашымжанов, Шымкент қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімі Назгүл Ізбасарова Елбасының саясатын қолдайтындықтарын айтып, жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды бірлесе орындауға шақырды.
Кездесуге қалалық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімдері, құқық қорғау және білім беру саласының басшылары, ардагерлер, жастар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.