Жаңа партиялық куәлiктер табысталды

Пятница, 21 Ноябрь 2014 04:11 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3733 раз

Шымкентте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының қызметкерлері Елбасының халыққа арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына қолдау білдіріп, өз пікірлерін ортаға салды.

1408087446 logoЖиында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Момынжан Бердіқұлов қатысушылардың назарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауының мәтінін жеткізіп, ондағы мәселелерге өз көзқарасын білдірді.
– Елбасы атап өткендей, әлемдік дағдарыстан тек бірлігі жарасқан мемлекеттер ғана абыроймен өте алады. Президент өз баяндамасында таяудағы жылдарда жаһандық сынақтардың уақыты болатынын айтып, бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады деді. Біз Елбасының бұл саясатына қолдау білдіріп, өз жұмыстарымызды жоғары деңгейде атқара білуіміз қажет, – деді М. Бердіқұлов.
Бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да 852 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 450 азамат «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Еске сала кетейік, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының бөлім меңгерушісі Мөлдір Жұматаеваның айтуынша, бүгінде қаламызда билік партиясының 15 мыңға жуық мүшесі бар.
Жиын кезінде «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының «ҚазТрансГаз Аймақ» Бастауыш партиялық тобының мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық куәліктер табысталды.

 

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.