Ардагерлер арасындағы байқау

Пятница, 08 Апрель 2016 04:30 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6962 раз

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырған бастауыш ардагерлер ұйымдары арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды. Жақсы дәстүр биыл да жалғасын тауып отыр. Ардагерлерді ардақтап, олардың әлеуметтік жағдайын көтеруді мақсат еткен байқаудың мән-маңызы зор.

G8EuXsVDVCo

Халқымыз қашан да қариясын қадірлей білген. Былтыр қалалық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен бастауыш ардагерлер ұйымдары арасында байқау тұңғыш рет өткен еді. Ондағы мақсат – ардагерлер ұйымдарының жұмыстарын жолға қою, жаңғырту. Күнделікті жұмыстарында белсенділігін арттыру көзделген.
Биылғы байқау Жеңістің 71 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орайластырып өткізілді. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлықты күшейту жұмыстары жандана бермек. Жаңа бастауыш ұйымдар құру, барлық зейнеткерлерді түгел қамту және олардың әлеуметтік картасын тегіс толтыру басты мәселелердің бірі.
Байқауға Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдіманап Ақмолда, тыл еңбеккері Әбділдә Қалмұратұлы, қалалық «әжелер алқасының» төрайымы Шарапат Құрманбекова, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Омаров қазылық етті.
Байқауда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың (Әл-Фараби ауданы) бастауыш ардагерлер ұйымы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Қайтпас 1» шағынауданының (Қаратау ауданы), үшінші орынды «Қызылжар» шағынауданы бастауыш ардагерлер ұйымы (Абай ауданы) иемденді.
Ынталандыру сыйлығымен марапатталғандар – «Хамза» (Абай ауданы), «Асар-1» шағынауданы (Қаратау ауданы), №36 мектеп (Еңбекші ауданы ауданы) және ОҚМПИ-дің (Әл-Фараби ауданы) бастауыш ардагерлер ұйымы.
Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар, сертификаттар, қаржылай сыйлық табыс етілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.