×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Қала балалары қайда демалады?

Среда, 15 Июнь 2016 05:11 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6523 раз

Мектеп қабырғасындағы балаларыңызды жазғы демалыста қайда жібересіз? Балаңыздың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін арнайы жоспар құрдыңыз ба? Бүгінде Шымкент қалалық оқушылар сарайы ұйымдастырған жаздық сауықтыру лагерлері өз жұмысын бастап кетті.

IMG 3573

Аталмыш мекемеде 6 бөлім, 102 үйірме жұмыс жасайды. Қала көлеміндегі 127 мектептен 4327 оқушы күнделікті үйірмеге қатысады. Сонымен қатар қала аумағында 6 аула клубы жұмыс істейді. Ондағы үйірмелерде 1500-ге жуық бала бар.

Оқушылар сарайының тыныс-тіршілігімен таныстырған мекеме басшысы Наталья Романованың айтуынша, Оқушылар сарайы базасында жұмыс атқаратын «Балдәурен» сауықтыру алаңында 600 бала, қала сыртындағы «Ақсу» сауықтыру лагерінде 1200 баланы демалдыру жоспарланып отыр. Мектеп жанындағы сауықтыру алаңдары маусым айынан бастап іске қосылса, «Балдәурен» және «Ақсу» сауықтыру лагерлері өз жұмысын 10 маусымнан бастады. Әр ауысым 8 күнге созылады. «Балдәурен» сауықтыру алаңы өз жұмысын тамыз айының 1-не дейін жалғастырады.

IMG 3640

Әр жаз мезгілінде 1000-нан астам әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы балалары, жетім және жартылай жетім балалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылған. «Ақсу» лагеріне 5 жас пен 17 жас аралығындағы балаларға жолдама беріледі. 10 маусым мен 8 тамыз аралығында 10 күннен тұратын 6 ауысым балаларға керемет көңіл күй сыйлайды.

Алуа ТҰРСЫНХАН,
Назерке ҒАЙБУЛЛАЕВА,
Қ.А.Ясауи атындағы
ХҚТУ-дiң студенттерi

Последнее изменение Пятница, 17 Июнь 2016 05:54
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.