26 отбасыға Қайырымдылық көмек көрсетiлдi Избранное

Среда, 29 Июнь 2016 04:30 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3905 раз

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі «Қазақстан Халық банкі» Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 26 отбасыға азық-түлік таратты.

13530363 1101243369922352 431271589 n

Жалғызілікті тыл ардагерлері күріш, қант, макорон, шай, тәттілер салынған себет толы сыйлықтары бар банк қызметкерлерінің арнайы үйіне іздеп келіп, көңіл бөлгеніне қуанды.
– Біраз уақыт бұрын банк басшылығына осындай қайырымдылық шарасы туралы ұсыныс хатпен шыққан болатынбыз. Олар бірден қолдап, банк қызметкерлері өз қалтасынан қаржы шығарып, нәтижесінде 26 отбасыға қажетті азық-түлік сыйлап, қуантып отыр. Алдағы уақытта да талай игі істерді бірлесіп атқаратын боламыз, – деді Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Ырысбаев.

Другие материалы в этой категории: « Ата-ана, балаңыз қайда жүр? Есiрткiсiз болашақ »