КӨМЕК МАСЫЛДЫҚҚА БАСТАМАУЫ ТИІС Избранное

Среда, 16 Октябрь 2019 04:22 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3132 раз

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың тоғыз айында атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) бөлінген 22,3 млрд теңгенің 14,6 млрд теңгесі, яғни 65,5% игерілді. Ал АӘК алуға өтініш бергендердің саны биыл 6,9 есе артқан. Бұл көрсеткіш атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа моделін жасауға түрткі болды.

328

 

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен брифинг өтті.
Брифингте мәлім болғанындай, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырған мұқтаждар қатарында 7 596 отбасының табысын жасырғандығы анықталған. Қазіргі уақытта 2 529 отбасыға тағайындалған 1 530 млн теңге көлеміндегі төлемдер толық тоқтатылды.
271 отбасыға хабарландыру таратылып, оның 3-і ғана өз еркімен 828,4 мың теңге бюджетке қаржысын қайтарды. Сондай-ақ, 5 116 отбасының әлеуметтік төлемдеріне қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 4 255 отбасының төлемдері қайта есептеліп тағайындалған сома 1 037,4 млн теңгеге кемітілді.
Ең бастысы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда масылдыққа жол бермеуіміз қажет.
Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналасуға қолдау көрсетеді. Кешенді шаралар 3 бағытты құрайды. Бұл туралы қала əкімінің орынбасары Ербол Садыр, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Ғалымжан Балтаев және қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Дархан Беласаров БАҚ өкілдеріне кеңінен түсіндіріп өтті.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.