Среда, 30 Ноябрь 2016 10:48

ЕХРО-ға жолдама

Облысымыздың әр алуан ауылдарынан келген балаларға «Жақсылық жаса» қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаржы есебінен ЕХРО-ға жолдама берілетін болды.

IMG 20161125 144350

Бұл игі шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ақжайық» шағынауданында орын тепкен физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылып отыр. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Бердікееваның айтуынша, бұл Астанаға барып, келетін тегін жол ақысы ғана емес, көрменің павильондарын толық аралау мүмкіндігі. 

IMG 20161125 144254– Мұндай акция –мектебімізде дәстүрге айналған. Үш жылдан бері күз айларында осындай жәрмеңкелерге ата-аналармен қатар біздің серіктестеріміз – «Визит», «Ордабасы Құс» ЖШС де ат салысады. Шамамен 700-800 мың теңге көлемінде қаржы жиналады, – дейді Динара Бердікеева. – Жәрмеңкелеріміздің бағдарламасы да дәстүрге айналған: бірінші бөлімде – оқушылар концерт қояды; одан кейін – қарапайым картинадан бастап ұлттық музыкалық аспаптарға дейінгі қаншама заттарға аукцион ұйымдастырылады. Екінші бөлімде – оқушылардың ата-аналарымен бірігіп жасаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтеді. Жиналған қаржы аз қамтылған отбасыларының балаларына ойнатылады. Олар 10 желтоқсанда өтетін Ашық есік күніне шақырылады. Жеңімпаздар Астанаға жолдама алады. Қанша баланың бағы жанғаны да сол Ашық есік күнінде белгілі болады. 

Тоғызыншы сынып оқушысы Нұржан Сейдалы керамикамен жұмыс істегенді ұнатады. Оның қолынан шыққан бұйымдарға көз тоймайды. Ал Ақерке Әлішер өте дәмді кондитерлік өнімдер дайындайды. Мұндай шеберліктерге оларды мектепте түрлі үйірмелерде баулитын көрінеді. 

Мектептегі аукционда айрықша көзге түскен дүние – сырмақ болды. Сырмақ – киіз үйдің негізгі бөлшектерінің бірі. Басында 50 мыңға бағаланған киіз соңында 67 мыңға өтті. Сонымен қатар, қамыстан жасалған бұйым, керамикалық ваза, киізден жасалған картиналар мен ерекше бұйымдар, біздің ойымызша, көптеген көркем галереялардың көркін ашар еді. Қайсыбір кәсіби суретші мен қолөнер шеберлерінің туындыларымен бәсекелесетін еді. 

Тамақ өнімдерінің тіл үйірерлік дәмін сөзбен айтып жеткізу қиын. Мектеп оқушысының емес, кондитер маманның қолынан шыққандай!

 

 

Опубликовано в Қоғам

«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ. Көрмені өткізу жауапкершілігін алған еліміз әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Мұндай халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында елдің даму деңгейін іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет.

КӨРМЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ – КӨПШІЛІК НАЗАРЫНДА

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов халықаралық көрмеге қатысушы – Қытай, Франция, Алмания, Мажарстан мен Түркия мемлекеттеріне алғашқы павильондарды тапсыр ды.
Көрме нысандарының құрылыс жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ден астам отандық кәсіпорындар тартылды. Аталмыш жоба 50 мыңға жуық жұмыс орнын сақтап қалуға әрі жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берді. Құрылыс алаңында 14 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
– Бүгінде құрылыстың маңызды бес нысаны аяқталды. Ол – халықаралық павильондар, 1374 пәтері бар ЭКСПО-қалашық, ЭКСПО-кеңсе, ішкі істер бөлімінің ғимараты мен Энергия зерттеу орталығы. Барлығын қосқанда 482 мың шаршы метр аяқталды, – деді Ахметжан Есімов павильондарды салтанатты түрде табыстау барысында.
Аталған нысандардың қүрылысы үшін 492 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсалған.
Франция елі жалпы ауданы 1069 шаршы метр аумақты құрайтын «Жасыл өсім бағытындағы энергетикалық бұрылыс» атауына ие павильонға орналастырылды. Жасыл энергетика саласындағы өз әзірлемелерін бұл ел үш шағын тақырыпшаларда ашып көрсететін болады: болашақ қаласы, жаңартылатын энергия және экологиялық көлік түрлері.
Қытай елі жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайтын «Жасыл» Жібек жолы» болашақ энергиясының арман театры павильонын алды. Онда ҚХР-ның Жібек жолы бойындағы, сол сияқты әлемнің барлық елдерімен энергетикалық ынтымақтастыққа қатысты жаңа ойы көрсетіледі.
Венгрия еліне тиесілі павильонның жалпы ауданы 411,9 шаршы метрді құрайды. Павильонның «Болашақ энергиясы бізді біріктіреді» тақырыбы елдегі қолжетімді энергия көздерінің географиялық, экономикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Павильон жел, су және жел елі болып табылатын Венгрияның сипатын айрықшаландыра отырып, электр және қала жобалау облысындағы жаңа қондырғылармен таныстырады.
Германия елі павильонының жалпы ауданы 1249,5 шаршы метр құрайды. Ол – «Энергияға апарар жолда» деп аталатын болады. Ал Түркия 959 шаршы метр павильонға ие болды.
Айта кету керек, бүгінде Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне өзінің қатысатындығын 104 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады, 98 мемлекет комиссарларын тағайындап, 82 қатысу келісімшартына қол қойылды.

КӨШЕДЕГІ САҚШЫЛАР ДА АҒЫЛШЫНША СӨЙЛЕЙДІ

ЭКСПО кезінде көшедегі сақшылар да ағылшынша сөйлейтін болады. Елорданың қоғамдық тыныштығын күзететін Ұлттық ұлан сарбаздары қазір осы бағытта дайындалып жатыр. Олар ағылшын тілінде амандық сұрасып, жол нұсқай алатындай деңгейге жеткенше білім алмақ.
Жалпы халықаралық көрме кезінде 1 жарым мың сарбаз қауіпсіздікті қамтамасыз етпек. Бүгінде ағылшын тілінен бөлек, жауынгерлік даярлықтарына да баса назар аударылады.
Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ мен «Қазпочта» АҚ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде қараша айының 2-жұлдызынан бастап Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде билеттер сатылымға түсті.
ЭКСПО-2017 көрмесіне билетті – Қазпочтаның 30 пошта бөлімшесінен (әрбір облыстық филиалдағы екі бөлімшеден), ал биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық автоматтандырылған бөлімшелерінен сатып алуға болады. Билеттерді сату көрменің соңғы жұмыс күні – 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылатын болады.
«ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Астана қаласында өтеді. 93 күнге созылатын көрмеге жалпы саны 5 миллион адам қатысады деп күтілуде.
Пошта бөлімшелерінің операторлары электрондық билеттерді ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сату бойынша ресми сайт –tickets.expo2017astana.com арқылы ресімдейтін болады.
Азаматтар күні белгіленген билеттерді жұмыс күндеріне 4000 теңгеге және демалыс күндеріне 6000 теңгеге ала алады. Ал күні белгіленбеген билеттерді жұмыс күніне 6000 теңгеге және демалыс күндеріне 8000 теңгеге ала алады. Билеттерді сату қолма-қол ақшамен де, төлем карточкаларымен де жүзеге асырылады.

ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНЕН 150 МЫҢ АДАМ БАРАДЫ

Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 150 мың адам қатысады деп күтілуде. Оның ішінде, мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің саны 35 700 адамды құрамақ. Шымкент қаласынан жалпы саны 30 мың адам қатысады.
Көрме қызметіне дайындық негізінде еріктілерді үйретіп, дайындау мақсатында бүгінде жүйелі түрде семинар-тренингтер ұйымдастырылуда. Аталмыш шараға облыс аумағынан 100 ерікті іріктеліп алынды. Сала мамандарының айтуынша, қазіргі таңда еріктілерді француз және қытай тілдеріне оқыту мүмкіндіктері де қарастырылуда.

 

Сіз не дейсіз?

darmenovЕрмек ДӘРМЕНОВ,
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:

ДАМУҒА ДАҢҒЫЛ ЖОЛ АШАДЫ

– «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу арқылы Қазақ елі Астананың келешегін жарқын әрі есімін жаһандық кеңістікте танымал ете түсуге мүмкіндік алды. Яғни, ауқымды шара аясында Елордада инфрақұрылымдық жүйелер – жолдар, инженерлік желілер, су, газ, кәріз жолдары заманауи үлгіде қайта жаңартылды. ЭКСПО – ең алдымен, Қазақстанның атауына жұмыс істеп отырған ең алғашқы ірі халықаралық жоба. Бұл біздің елімізде туризмнің белсенді дамуына ұмтылыс беретін зор мүмкіндік. Қазіргі таңда Қазақстан минералдық ресурстарға ең бай елдердің бірі. «Болашақтың энергиясы» деген тақырыптың өзі көрменің ауқымдылығына өлшеу болатындай. Күн, жел сынды энергияның балама көздерін тауып, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін көмірқышқыл газының тарауы, мұнайды пайдалануды және қоршаған ортаны ластауды, минералдық және көміртекті ресурстарды азайтуды болдырмау, қысқарту – көрмені ұйымдастыру барысында басты назарға алынады.

 

 

tolebaevЖасұлан ТӨЛЕБЕКОВ,
«Оңтүстік туризм» орталығының директоры:

ОҢТҮСТІК – ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР

– Қазақстан ТМД елдерінің ішінде әзірге «жасыл экономикаға», жаңартылатын энергия көздеріне өту тұжырымдамасын қабылдаған жалғыз ел. Яғни, еліміздің бұл тұрғыдағы бастамашыл да игілікті шаралары әлем елдеріне үлгі іспетті. Әрине, ЭКСПО – өз кезегінде, елдегі туризм саласын дамытуға тың серпін берері сөзсіз. Бұл бағытта Оңтүстік Қазақстан облысының өзіндік дәстүрі мен табиғаты шетелдік туристердің қызығушылығын арттыруда маңызды рөлге ие. Шара барысында шетелдік туристерді өңірдің тыныс-тіршілігімен етене таныстыру мақсатында өз тарапымыздан арнайы 22 бағыт бойынша экспедициялық топтарды ұйымдастыратын боламыз. Әрине, ең алдымен, әуежайдан түскен шетелдік меймандар такси қызметінен кедергі көрмегені жөн. Бұл орайда, арнайы 2 бірдей көлік компаниясымен келіссөздер жүргізудеміз. Әуежайда өз ісін жетік білетін, шет тілдерін еркін меңгерген көлік жүргізушілері туристердің барар бағыты бойынша қызмет көрсететін болады.

Опубликовано в Саясат
Келесі жылы елімізде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне 2-3 миллионнан астам турист келеді деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда шетелдік туристер үшін Қазақстанның барлық өңірін қамтитын 73 маршрут белгіленген.
Оның ішінде Оңтүстіктен 15 нысан бар. Келген қонақтарға 3 және 5 күндік экскурсиялық бағыттар бойынша арнайы қызмет көрсетіледі. «Оңтүстік» туризм орталығының жоба менеджері Дархан Асанханның айтуынша, көрмеге үлес қосу мақсатында бүгінде бекітілген нысандарда арнайы инфотурлар өткізіле бастаған. 
 
 
– Көрме елімізгеірі инвестиция тартуға және өңіріміздің тарихи-мәдени ескерткіштері мен табиғатымызды насихаттауға үлкен мүмкіндік.Сол себептен қазір біз өз тарапымыздан кешенді дайындық жұмыстарын пысықтап жатырмыз. Бағдарламада Түркістан, Сауран, Отырар, Арыстанбаб сынды тарихи орындар, тағы басқа нысандар бар, – дейді  «Оңтүстік» туризм орталығының өкілі. 
 
Еске сала кетсек, жоғарыдағы нысандардан бөлек, өңірдің бірнеше аудандарында да маршруттар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, көрмеге келушілер Бәйдібек ауданындағы «Ақмешіт» үңгірі, «Домалақ ана» кесенесіне, Қазығұрт ауданындағы «Кемеқалған» монументіне, сондай-ақ, «Тау самалы» мен «Сайрам-Өгем» ұлттық мемлекеттік паркі, Ақсу-Жабағылы қорығына және Cырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағына да барады. Сонымен қатар, Шымкенттегі «Наурыз» алаңында ұлттық спорт түрлерінен ойындарды тамашалайды.
 
Опубликовано в Саясат

Лондонда өткен «Bloomberg New Energy Finance Future of Energy EMEA Summit» (BNEF) жыл сайынғы саммиті шеңберінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шамамен 500 ірі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарына таныстырылды.

Саммит шеңберінде Көрме өкілдері Facebook, Mckinsey, Solar Ventures, Ericson, Cisco, Investec, Dz Bankс сияқты шамамен 100-ге компаниялардың жетекшілерін Астанада өтетін алдағы Көрмемен таныстырды. Онда Қазақстанның және алдағы іс-шараның экономикалық әлеуеті туралы айтылды.
«Қазақстан – бұл әлемдік аренада өзін қарқынды дамушы ел ретінде көрсетуде үлкен әлеуеті бар, Орталық Азияның дәл ортасында орналасқан мемлекет. Біздің кәсіпкерлердің осы елге көңіл бөліп, бизнес және экономика саласымен танысқандары жөн деп санаймын», – деді тұсаукесер барысында BNEF бас редакторы Ангус Маккрон.
Кездесулерде ЭКСПО-2017-мен әріптестік өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Халықаралық бизнес қоғамдастық өкілдері 2017 жылы жазда Астанада өтетін Көрме әріптестері және қатысушылары ретінде ынтымақтастықтың әртүрлі мүмкіндіктерін ұсынды.
Бүгінгі күні «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Көрмеге отандық және шетелдік әріптес компаниялардан 125,5 млн еуро көлемінде демеушілік салым тартты.

 expo inpho

«ЭКСПО – 2017» көрмесіне билеттер сатылуда

Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімі 2016 жылдың 10 маусымынан бастап «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі (әрі қарай – Көрме) билеттерінің онлайн-сатылымы басталғандығын хабарлайды.
Билеттер жұмыс күніне арналған күні белгіленбеген билеттер, демалыс күнге арналған күні белгіленбеген билеттер, күні белгіленген билеттер болып 3 санатқа бөлінген.
Астана қаласында Көрме өз жұмысын 2017 жылдың 10 маусымында бастайды, аяқталу мерзімі 10 қыркүйек.
Бүгінде Көрме жұмысына қатысуын 103 ел растап отыр. Көрмеге келушілер саны 2 миллионды, ал келу 5 миллионды құрайды деп күтілуде, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан 150 000 адамның баруы жоспарлануда.
Көрме билеттерін tickets.expo2017astana.com сайтынан онлайн тәртіпте сатып алуға болады.

Опубликовано в Саясат

«ЭКСПО-2017» ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

BAM 8982

Меморандум мақсаты – серіктестік қатынасты нығайту, тиімді жұмыс атқару. Ахметжан Есімов өз сөзінде, ұлттық компания Казань қаласында роуд-шоу және туристік бизнестің дамуын көздеген бірнеше кездесулер өткізгендігін айтты. Бүгінгі меморандумның қол қойылуы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында туроператорларды кірістіре отырып, туризмнің белсенді түрде дамуына ықпал етері анық.

Туристік қызметтен басқа, екі жақ тәжірибе алмасу және инвестициялық климаттың жақсаруына жағдай жасау, әкімшілік құжаттарды жеңілдету мәселелерін талқылады. Көрме қонақтары үшін арнайы бірегей туристік өнімдер, сондай-ақ, 3 000-нан астам іс-шараларды қамтитын қызықты мәдени-ойын-сауық бағдарламасы әзірленді.

«Сіздер осы іс-шараға үздігін таңдау үшін көптеген дүниелерді көріп, зерттеген боларсыздар. Осы уақытқа дейін өткізілген көрмелердің ішінде «ЭКСПО-2017» ең үздігі боларына ешқандай күмән келтірмеймін», – деді өз сөзінде Татарстан Республикасының Президенті.

Опубликовано в Саясат
Среда, 05 Октябрь 2016 06:27

Меморандумға қол қойылды

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Русатом Халықаралық жүйесі» арнайы келісімге қол қойып, «Росатом» атом энергиясы бойынша мемлекеттік корпорациясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің серіктесі атанды.

BAM 8665

«Русатом Халықаралық жүйесі» «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін әлемнің 40 елдерінде өткізілетін көрме, конференцияларда биылғы жылдың көлемінде және 2017 жылдың І тоқсанында ілгерілететін боламыз», – деді меморандумға қол қою барысында «Росатом Орталық Азия» ЖШС бас директоры В.Драгунов.
Өз кезегінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында «Росатом» мемлекеттік корпорациясын серіктесі ретінде көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Опубликовано в Саясат

КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕР САНЫ ЖҮЗДЕН АСТЫ

Астана қаласында 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық шаралары қыза түсті. Өткен аптада Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдаған еді. Басқарма төрағасының айтуынша, бүгінге дейін 103 ел мен 17 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын мәлімдеген. Халықаралық ұйымдармен қоса, 82 ел әлемдік ауқымды іс-шараға қатысатыны туралы келісімшартқа қол қойды.

2 МИЛЛИОННАН АСА АДАМ КЕЛЕДІ

Басқарма төрағасы мәлімдегеніндей, құрылыс жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады. Қазан айында павильондар – халықаралық қатысушыларға, ал тұрғын-үйлер делегация мүшелеріне беріледі. Көрме құрылысына 13 мың адам мен 560 техника тартылған.
Бір атап өтерлігі, көрмеге қатысатын мемлекеттер саны жоспарланғаннан асып түскен. Негізінен, стратегиялық құжатта көрмеге 100 мемлекет қатысатындығы көрсетілген. Жүзінші ел болып, өзінің қатысатынын нақтылаған – Украина. Шамамен 2 миллион адам келеді деп болжанып отыр.
– Еліміз ширек ғасырда әлем жұртшылығына танылып, әлеуметтік-экономикалық және мәдени әлеуетіміздің артуына септігін тигізген ауқымды нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ТМД аумағында бірінші болып өткізгелі отыр. Қазақстанның әрбір өңірі осы тарихи оқиғаны табысты өткізуге қомақты үлесін қосуы керек, – деген еді Мемлекет басшысы жуырда Қостанай жұртшылығымен кездесуінде.
Бұған дейін Елбасының өзі «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралап, «Қазақстан» павильоны және Конгресс-орталық ғимаратымен танысып шыққан-ды. Көрмені отандық және шетелдік ғылым үшін қызығушылық тудыратын сапалы инновациялық әзірлемелер арқылы толықтырудың маңыздылығын атап өтті. Жалпы, ұлттық павильон орналасқан шар тәріздес ғимараттың тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде көрініс тапқан.
Ал Конгресс-орталық халықаралық конгрестер, конференциялар, симпозиумдар, концерттер және басқа да іс-шаралар өтетін көпфункциялы мәдени-сауықтыру нысаны болмақ.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев та облыстар және Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне көрмені насихаттау, волонтерлік қызмет, туристік пакеттер әзірлеу, Астанадағы нысандардың көрмеге келушілерді қабылдау дайындығы, астаналық әуежай терминалының құрылысы, қонақүйлер қорының әзірлігі және логистика мәселелері жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеген.

МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР АЯСЫНДА...

Халықаралық көрмені тамашалауға ниет білдіріп жатқан адамдардың қатары қазірдің өзінде аз емес. Күні бүгінге дейін 74 мың билетті сату үшін 5 ірі келісімге қол жеткізіліпті. Көрме аясында 3 мыңнан астам тақырыптық және мәдени-сауықтық іс-шара өткізіледі, этнотуризмге басымдық беріледі. Көрмені өткізу шеңберінде көптеген ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру да жоспарланған. Соның бірі – «Астана ЭКСПО-2017» шеңберінде кәсіби бокс кеші мен WBС Конвенциясының өтуі. Бұл мақсатта жуырда ғана ынтымақтастық туралы бес тарапты – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан республикалық бокс федерациясы» қоғамдық бірлестік, World Boxing Council және «Diamond Ring Promotions» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды. Яғни, Астана қаласында 2017 жылғы қыркүйекте World Boxing Council 55 мерейтойлық Конвенциясын және Майк Тайсон, Геннадий Головкин мен т.б. атақты боксшылардың қатысуымен кәсіби бокс кеші өтетін болып келісілді.

«125 МЛН ЕУРО КӨЛЕМІНДЕ ДЕМЕУШІЛІК КӨРСЕТТІ»

Енді көрменің серіктестеріне келейік. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы А. Есімовтың айтуынша, ауқымды іс-шараға трансұлттық компаниялар да қызығушылық танытып отыр. Мәселен, ЭКСПО серіктестерінің қатарында «Циско», «Самсунг», «Шелл», «ДХЛ», «Шеврон», «Дженерал Электрик» және тағы басқа халықаралық корпорациялары бар. Олар бүгінге дейін 125 млн еуро көлемінде демеушілік көрсетті.
Еріктілер мен супервайзерлерді даярлау бойынша да белсенді жұмыс басталып кеткенін айта кетсек. Қазірдің өзінде еріктілерді дайындау жұмыстары үшін арнайы оқыту бағдарламалары жасалды, сондай-ақ, олардың әрқайсысы ЭКСПО-2017 еріктілер қозғалысының мүшелері үшін әзірленген әдістемелік нұсқаулықтармен қамтылады.

ОҢТҮСТІКТІҢ ҚОСАР ҮЛЕСІ БАР

Елбасының өзі атап өткеніндей, әлемдік ауқымды іс-шараға әр өңір тиісті үлесін қосуы тиіс. Бұл мақсатта өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Ең әуелі көрменің құрылысына өз үлесін қосып жатқан өндіріс орындарын айтар едік. Яғни, облыстағы «Kadiris» кірпіш компаниясының өнімдері бүгінде Астанаға жөнелтіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, пішіні әр түрлі, кәдімгі құрылысқа қажетті керамикалық қыштар «ЭКСПО» ғимараттарының құрылысында пайдаланылуда.
Қазірдің өзінде облыста 100 ерікті іріктеліп, алынды. ОҚО әкімдігі еріктілерді іріктеу бойынша комиссия құрған. Олар үшін арнайы тренингтер, халықаралық мамандар тарапынан дәрістер өткізіліп жатыр. Жуырда ғана
«ЭКСПО-2017» АҚ» Ұлттық компаниясының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының алдағы көрмеге дайындық жұмыстарымен танысып, тарихи-танымдық және табиғи-экологиялық бағыттар бойынша 3 және 5 күндік арнайы туристік маршруттар ұйымдастырды. Сонымен бірге, облыстан іріктелген 100 еріктімен кездесу кеші өтіп, «ЭКСПО-2017» көрмесі барысындағы еріктілер қызметінің маңыздылығы бойынша жастармен сұхбаттасу жүргізді.
Сондай-ақ, облыс әкімі
Б. Атамқұловтың бастамасымен ашылған «Ontustik tourism center» ақпараттық туристік орталығы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында туристерге ақпараттық қызмет көрсетуді бастап кетті.

Опубликовано в Саясат

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамыту мәселесі мемлекеттің назарында екенін атап өтті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы кеңес алдында көрмедегі Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда-сауық нысандары орналасатын құрылыс алаңын аралап көрді. Бастысы, құрылыс кесте бойынша орындалып жатыр. Бүгінде құрылыс нысандарында шамамен 10 мың адам жұмыспен қамтылған.
Кеңесте мәлім болғандай, Қазақстан Президенті өткен жыл қорытындысы бойынша елорданың өңірлік жиынтық өнімінің өсім қарқыны 5 пайызға жетіп, бүкіл ел бойынша ең жоғары көрсеткіш болғанына және жалпы Қазақстан экономикасы өсімінің 40 пайызын қамтығанына назар аударды.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Опубликовано в Саясат
Страница 3 из 3