ЭКСПО-ға дайындық мәселесi пысықталды

Пятница, 29 Апрель 2016 06:13 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3668 раз

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамыту мәселесі мемлекеттің назарында екенін атап өтті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы кеңес алдында көрмедегі Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда-сауық нысандары орналасатын құрылыс алаңын аралап көрді. Бастысы, құрылыс кесте бойынша орындалып жатыр. Бүгінде құрылыс нысандарында шамамен 10 мың адам жұмыспен қамтылған.
Кеңесте мәлім болғандай, Қазақстан Президенті өткен жыл қорытындысы бойынша елорданың өңірлік жиынтық өнімінің өсім қарқыны 5 пайызға жетіп, бүкіл ел бойынша ең жоғары көрсеткіш болғанына және жалпы Қазақстан экономикасы өсімінің 40 пайызын қамтығанына назар аударды.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.