ЕЛ ИГІЛІГІНЕ – ЖАҢА САЯБАҚ Избранное

Среда, 05 Октябрь 2022 08:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 959 раз

Қаладағы 11-шағын-ауданға қарасты жаңа саябақ құрылысы аяқталуға жақын. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысанның құрылысы сапасын бақылап, тексерді.

364

 

1,600 га аумақты қамтитын саябақта амфитеатр, субұрқақ, сыйымдылығы 140 м3 болатын жер асты су сорғысы орнатылды.
Мұнда ересектер мен балаларға арналған демалыс аймағы, шахмат, үстел теннисін ойнауға болатын ойын алаңы, велосипед қойылатын жер, биодәретхана, көше тренажерларының спорт және трансформаторлық қосалқы станциясы, арқан паркі қарастырылған.
Құрылыс ауданы – 87,00 шаршы метр, қатты жабын ауданы – 2302,00 шаршы метр, көгалдандыру ауданы – 7488,00 шаршы метр.
Аталған нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталған. Қазір жұмыстың 93 пайызы аяқталды. Жоспар бойынша саябақ қараша айының соңына ел игілігіне берілмек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.