ҚҰРЫЛЫС АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Избранное

Среда, 05 Октябрь 2022 08:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 844 раз

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығында 9 қабатты үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Бұған дейін №9,10,11 және 12 үйлердің құрылысы мерзімінде аяқталмағаны үшін әкімдік тарапынан жауапты мердігер мекемелерге ескертулер беріліп, айыппұл салынған болатын. Бүгінде олқылықтық орны толтырылып, жұмыстар аяқталуға жақын.

360

 

Қала әкімі бірнеше нысанның құрылысы барысын тексерді. Оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтерген 9 қабатты 5 үйдің құрылысы бар. Сонымен қатар, аталған аймақтың солтүстік бөлігіндегі 21,5 га жерде бой тіктейтін көп қабатты жаңа үйлердің инженерлік жүйелерін тарту жұмыстарын қадағалап, тапсырманың тиісті мерзімде аяқталуын талап етті.
– Қазіргі таңда Шымкентте 49 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тұр. Егер осы мәселені ескеретін болсақ, қаладағы баспана құрылысын дамытуға бар күш-жігерімізді салуымыз қажет, – деді
Мұрат Дүйсенбекұлы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.