ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Избранное

Пятница, 23 Декабрь 2022 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1751 раз

Үшінші мегаполисте кезекті ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып отыр. Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Президенттерінің қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында «Тассай» индустриалды аймағында жобалық құны 2,5 млрд теңгені құрайтын «DentaFill Kazahstan» дайын дәрілік заттар өндіру зауыты іске қосылды. Телекөпір барысын Ташкент қаласында ресми сапарында тамашалаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация құрамында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те бар.

139

 

Ал Шымкенттегі іс-шараға Өзбекстан Республикасы фармацевтикалық саланы дамыту агенттігінің директоры Сардор Кариев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен «DentaFill Plus» компаниялар тобының директоры Саркор Исонбаев қатысты.
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Құрметті Шавкат Миромонұлы! Dentafill Kazakhstan зауытының бірінші кезеңінде жаңа 75 жұмыс орны құрылып, өндірістік қуаттылығы жылына 18 млн орамға жетеді. Өндірістің бірінші кезеңін іске қосуға дайынбыз! – деді Саркор Кариев.
Айта кетейік, бүгінгі таңда дәрі препараттарын шығаруға арналған жобаның екінші кезеңінің құрылысы да басталмақ. Оның аясында қосымша 60 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Жүзеге асырылса, Шымкентте жылына 20 млн дайын дәрілік препараттар шығарылады.
«Dentafill Kazakhstan» ЖШС – Шымкент қаласында дәрілік препараттар, медициналық бұйымдар мен жеке гигиена құралдарын шығару мақсатында құрылған жаңа кәсіпорын. Жобаның аясында жылына 1,5 миллиард теңгенің өнімі шығарылады деп жоспарлануда. Өнімнің 60 пайызы ішкі нарыққа босатылса, ал 40 пайызы ТМД елдеріне экспортталады деп күтілуде.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.