Қазіргі таңда Асар-2 шағынауданы аумағындағы Күншоғыр көшесі орташа жөндеуден өтіп жатыр. Аталған шағынауданның 4 көшесіне 2 қабат асфальт төселеді. Көшелердің жалпы ұзындығы — 1,2 шақырым, ені — 5 метр, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ені – 1,5 метр.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, жолдардың орташа деңгейі 2022 жылы 67,4 пайызды құрады. Ал 2023 жылы 71,2 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.