ТҰРҒЫНДАР ОРНАТҚАН ЖАРЫҚШАМДАР ЗАҢДАСТЫРЫЛАДЫ

Среда, 31 Январь 2024 00:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 267 раз

Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде бірқатар мәселе талқыланды. Жиында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек ауданның биылғы даму жоспары бойынша баяндама жасады.

turgin

 

Еңбекші ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардың ұсынысымен 44 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, жеке секторда 12 ойын және спорт алаңшасы орнатылмақ. Сондай-ақ, 8 ашық спорт алаңшасын орнатып, 5 гүлзар салынады. 200 көшені жарықтандыру, 78 көшені асфальттау, 54 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқжол салу, 8 көшеге ирригациялық жүйелер орнату да көзделіп отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғындардың келісімімен, 28 көпқабатты үйдің қасбеттерін реттеу, әрлеу және 7 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі.
Аппарат отырысында Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев криминогенді жарықтандырылмаған учаскілер туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қалада өткен жылы қылмыс 34 пайызға азайған. Осы орайда Арман Арун-Рашидұлы қала тұрғындарының қауіпсіздігін күшейту үшін бейнекамералар мен электр бағаналарын көбейтуді сұрады.
Жиын барысында Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов жұмыс жоспарымен бөлісті. Басқарма басшысының айтуынша, биыл қала аумағында 1051 көшені жарықтандыру көзделіп отыр. Өткен жылы мегаполисте 564 көшеге жарықтандырылған. Бұл ретте қала тұрғындары да белсенділік танытып, 39 көшеге жарықшам орнатқан.
Қала басшысы жауаптыларға тұрғындардың өз есебінен қойылған көше жарықшамдарын заңдастыруды міндеттеді. Мәжілісті қорытындылаған Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері мен сала басшыларына сөз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс атқаруды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.