ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Избранное

Пятница, 12 Апрель 2024 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 353 раз

Шымкентте қалалық қоғамдық көлік қызметінің арнайы кездесуі өтіп, онда қаладағы қоғамдық көліктердің жай-күйі мен өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жиында қоғамдық көлік қызметіне қатысты тұрғындардың өтініш-тілектері мен қызмет сапасын арттыру мәселелері қаралып, Шымкент қалалық полиция департаменті, көліктік бақылау инспекциясы, төлем компаниясы, тасымалдаушы мекемелердің өкілдері өзекті сұрақтарға жауап берді.

KogamK

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов тұрғындар тарапынан қоғамдық көліктерге наразылық әлі де көп екендігін айтып, себебін сұрады.
—Жүргізушілердің жалақысы төмен деп шағымдандыңыздар. Қазіргі таңда айлық жалақыларыңыз біршама көтерілді. Бірақ сіздердің жұмыс сапаларыңызда өзгеріс жоқ. Әлі күнге тұрғындардан автобустардың ластығына, жүргізушілердің қолма-қол ақша сұрайтындығына шағым түсіп жатыр. Тағы қандай уәждеріңіз бар? Неліктен әлі күнге дұрыс жұмыс істей алмаймыз? — деді Р.Ибрагимов.
Бүгінде қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер саны 1000-ға жуық. 77 тұрақты қалалық маршрут бойынша күнделікті маршруттарға 915 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 11 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.
Жиында мұнан өзге автобус жүргізушілерінің жаңа формасы, автобустарды аялдамаларды хабарлайтын аудиожүйемен жабдықтау, жүргізушілердің жолаушыларға билет таратпауы сияқты мәселелер талқыланды.
Айта кетейік, биыл 800-ден астам заманауи үлгідегі жаңа аялдама орнату жоспарланып отыр.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.