ШЫМКЕНТТЕ БӨЛШЕК САУДА КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙҒАН Избранное

Пятница, 12 Апрель 2024 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 386 раз

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебін беріп, 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды.

BriFak-1

 

Е.Тұрмановтың айтуынша, жұмыс бекітілген индикаторларға сәйкес 7 бағытта іске аспақ. 2024 жылдың 3 айында Шымкент қаласына 98,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,9 пайызды құраған. Оның ішінде мемлекеттік инвестиция – 13,2 млрд теңге, ал жекеменшік инвестиция – 85,6 млрд теңге.
Жыл соңына дейін 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,2 пайызға артады деген болжам бар.
Бүгінде Шымкентте 130 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында биыл
21,05 млрд теңге қаржы қаралған. Оның 18,65 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 2,4 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген.
Одан бөлек, қаңтар-наурыз айларында қаладағы бөлшек сауда көлемі 191,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,9 пайызға ұлғайған.
Бөлшек сауда көлемінің артуына қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының құрылысы, жаңа сауда нүктелерінің ашылуы және базарларды модернизациялау ықпал етпек.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.