«Журналистер» алаң ашылады Избранное

Среда, 03 Июль 2024 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 123 раз

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай сала мамандарын құттықтау әлі жалғасып жатыр. Кеше Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ақпарат айдынында талмай еңбек етіп жүрген БАҚ өкілдерін ашық аспан астына, жан-жағынан субұрқақтар атқылаған әдемі көлдің ортасына жинап, төл мерекелерімен құттықтады.

8 zor

 

– Бүгінде Шымкентте ресми түрде 176 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Олар күн сайын қоғам мен билік арасында диалог орнатуда өз үлестерін қосуда. Журналистерге еңбектері мен мамандыққа адалдығы үшін ризашылығымды білдіремін. Бұқаралық ақпарат құралдары біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Күн сайын журналистер бізді соңғы жаңалықтармен таныстырып, уақыттың тынысын айқындайды. Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жемісті жұмысы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтқым келеді. Біз сіздермен халық игілігі жолында жұмыс істейміз! Баршаңызға бақыт, денсаулық, амандық, жаңа жобалар мен шығармашылық табыс тілеймін! – деді мегаполис әкімі өз құттықтауында.
Ғабит Әбдімәжитұлы тұрғындардың «Спутник» алаңын «Журналистер» алаңы деп өзгерту туралы бастама көтергенін, осы игі бастаманы қолдап, ономастикалық комиссия қарауына ұсынуды тапсырғанын жеткізді.
Қала әкімі мерекелік іс-шарада мегаполистің түрлі саладағы жетістіктерін нәсиxаттап жүрген бірқатар журналисті марапаттады.
Белгілі журналист Қуандық Оразбекұлына ҚР Президентінің Жарлығымен берілген «Құрмет» ордені табысталды, ал өзге БАҚ қызметкерлері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Бір кездері Шымкенттің көрікті орындарының бірі болған, жылдар бойы қараусыз қалып, жуырда ғана қайта пайдалануға берілген «Көл» жасанды су айдыны осы кеште гүлдер мен құттықтауларға толып кетті. Керемет концерттік бағдарлама, мықты жүргізуші, жанды дауыстағы әндер, жалпы ашық астан асты, көлдің үстіндегі атмосфера қонақтардың демалып, бір-бірімен қауышып, жылы қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді. Ең бастысы, бұл кеш жергілікті БАҚ қызметкерлерінің жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.