Жүиелі тексеріліп, уақытылы ем алуға шақырды Избранное

Среда, 03 Июль 2024 05:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 230 раз

«Репродуктивті денсаулық» апталығына орай ЖИТС орталығында «Жыныстық жолмен жұғатын ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу» тақырыбында Ашық есік күні өтті.

4 ekpe

Іс-шара барысында орталықтың гинекологы келушілерге жыныстық жолмен жұғатын аурулар және репродуктивтік денсаулық туралы кеңес беріп, сынамалар алды. Сондай-ақ, уақтылы тексерілу мен жоспарлы жүктіліктің пайдасын түсіндірді.
АИТВ жұқтыру қауіпі жоғары топ өкілдерін Достастық кабинетінің дерматовенерологы қабылдап, ЖЖЖА-дан қорғану жолдары, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу, жеке гигиена нормаларын сақтау жайында кеңес беріліп, АИТВ-ға жедел тест жүргізді. Сонымен қатар контактіге дейінгі және контактіден кейінгі профилактиканың АИТВ инфекциясының алдын алуда рөлі жайында түсіндіру жұмысын жүргізіп, профилактикалық нұсқаулықтар ұсынды. Мамандар науқастарды жүйелі түрде тексеріліп, уақтылы ем алуға шақырды.
Іс шараның мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, АИТВ-ның алдын алу, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
Кеңес алушылар арасында орта есеппен «Д» есепте тұратын – 8 науқас, АИТВ жұқтыру қауіпі жоғары топтардан 17 адам тексеріліп, кеңес алды.

Г. ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.