Қаланың көркi бұзылмағанын қалаймыз

Вторник, 01 Сентябрь 2015 09:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3964 раз

Әл-Фараби ауданында сауда орындарын заң талаптарына сай ету бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Заңсыз сауда нүктелерін бақылауға бұл жолы тәртіп сақшыларымен қатар, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің өкілдері және қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандары, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, ішкі істер бөлімі қызметкерлері жұмылдырылды.

Іс-шара барысында Төле би көшесінде, «Оптовик» сауда үйінің алдында ет сататын дүңгіршек орнынан алынды. Қазіргі таңға дейін Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі тарапынан Әл-Фараби ауданында орналасқан 98 дүңгіршек тізімі анықталды: оның ішінде 78 заңсыз орнатылғандар, 17 мақсатына сай емес және 3 өз бетінше иеленіп алғандар. Анықталған дүңгіршектер бойынша аудан тарапынан БАҚ-та тізімдері жарияланған және иелеріне 7 күн ішінде өз еркімен алыну қажеттілігі туралы ескертпе хабарлама парақшалары таратылған болатын. Алайда, заңсыз орнатылған нысанды алуға іс-әрекет қарастырмаған иелеріне және жабайы саудамен айналысып отырған тұлғаларға Әл-Фараби ауданы ішкі істер полиция бөлімі тарапынан 2015 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша ретсіз сауда жасаушы азаматтарға жалпы 957 хаттама толтырылып, оның 868 ескерту 89 әкімшілік айыппұл толтырылды, нәтижесінде 995 955 теңге айыппұл салынып, 500 455 теңге өндірілді.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы бойынша көріктендіру ережелерін бұзған 545 азаматқа хаттама толтырылып, оның ішінде 541 ескерту, 4 әкімшілік айыппұл толтырылды, нәтижесінде 178 380 теңге айыппұл салынып, 138 740 теңге өндірілді.
Жалпы, Әл-Фараби ауданы аумағында бүгінге дейін заңсыз орналасқан 61 дүңгіршек және 10 киіз үй жойылды. Ретсіз сауданы жою бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

С. НҰРМАНОВ,
Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.