Шымкент дамуы тұрақты қалалар тiзiмiне ендi Избранное

Пятница, 20 Ноябрь 2015 05:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4168 раз

Астанадағы халықаралық конференцияда Шымкент қаласының  даму тұрақтылығы бойынша БҰҰДБ-нің жаңа жобасы ұсынылды. «Mariotte» қонақ үйінде өткен  шара «Төмен көміртекті қалалық дамуға көшу: Қазақстан және Орталық Азия үшін жаһандық үрдістер және перспективалар» деп аталды. Халықаралық конференцияда үздік тәжірибелердің үлгілері қаралып,  Қазақстанның өзге өңірлерінде жақын арада іс-шаралар жөніндегі жоспарлары  жарияланатын болады.


28shymkcityy

–Әлем бірлестігінің, оның  ішінде Қазақстанның дамуының жаңа талаптарының бірі елді мекендердің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Ағымдағы экономикалық жағдайлар шеңберінде тұрақты қалалар бойынша жаңа жобаның іске асырылуы өте маңызды болып табылады. Себебі, бір жағынан осы тұрақтылықты қамтамасыз ету жаһандық экологиялық тиімділікті сақтайды. Енді бір жағынан, қалалардағы өмір сапасын жақсартуға, әсіресе ТКШ-тағы қоғамдық көліктегі және қалалық шаруашылықтың салаларындағы көрсететін қызметтерді көтеруге мүмкіндік береді, – дейді  энергия тиімділігі бойынша, БҰҰДБ ЖЭҚ және ҚР Үкіметі жобаларының үйлестірушісі Александр Белый.
Осы айтылған мәселелерге байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы мен БҰҰДБ арасында біріккен меморандумға қол қойылды. Айта кетерлігі, аталған жиында облыс әкімінің сенім хаты негізінде екі жақты келісімге Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды.

Последнее изменение Пятница, 20 Ноябрь 2015 05:36
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.