Қаржы салуға қолайлы қала Избранное

Пятница, 11 Декабрь 2015 06:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4690 раз

Қаламызға Түркия Республикасынан келген делегация Шымкентке осындай баға беріп отыр. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уянык бастаған делегациямен кездесті.

IMG 7373-2Екі ел арасындағы бауырластықтың маңыздылығынан басталған әңгіме, қалааралық экономикалық, индустриялық-инновациялық әріптестік орнатуға ұласты. Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «күрделі инвестициялар» тарту үшін оңтайлы орта қалыптастыру, өңірлерде жергілікті маңыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартуға қажетті кеңестер құру керектігін атап өтті. Озық техникалық кадрлар, әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдар болуы тиіс. Экономикалық өсімнің өңірлік драйверлерін қалыптастыру маңызды екенін айта келе Елбасы барлық инвестициялық жобалар тікелей аймақтарда жүзеге асыралатынын мәлім етті. Қала әкімі түркиялық делегациямен кездесуінде осы мәселеге ерекше мән берді.
– Шымкент-Орта Азия елдерінің ірі қалаларын байланыстыратын алтын көпір. Себебі, қаламыздың іргесінен Ұлы Жібек жолының жаңа заманғы үлгісі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтеді. Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев түркі халықтарының түбі бір екенін үнемі айтып келеді. Сондықтан, бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – бауырлас түркі инвесторларын үшінші мегаполиске тарту болып табылады. Шымкент қаласының 2020 жылдарға дейінгі даму тұжырымдамасындағы болашағы кемел сәулет жобаларын, атап айтар болсақ, «Shymkent City» заманауи тұрғын және іскерлік орталығы, «Диснейлэнд» жобасын жүзеге асыру үшін нағыз кәсіпқойларды қызықтыру қажет, – деді қала басшысы Ғабидолла
Рахматоллаұлы.
Өз кезегінде Невзат Уянык мырза Шымкент қаласының климаты жайлы, аумағы кең, инвесторлардың қаржы салуға таптырмас өңір екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, елші қаладағы жаңадан салынатын инфрақұрылымдарға, сәулеттік нысандарға түркиялық ірі кәсіпкерлердің қызығушылығын оятуға ықпал ететіндігін жеткізді.

Последнее изменение Вторник, 15 Декабрь 2015 05:33
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.