Шымкенттіктер «Қошқар Ата сейілі» мерекесін тойлады

Пятница, 18 Март 2016 10:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4961 раз
Бүгін Шымкент тұрғындары Ұлыстың ұлы күніне орай «Қошқар Ата сейілі» атты көктем мерекесін тойлады. Қошқар Ата өзені маңына жиналғандар қазақтың ұлттық бұйымдар көрмесі мен мерекелік бағдарламаны тамашалап, қазақша күрес, кір тасын көтеру, асық ойыны, қол күресі сынды спорттық шараларға куә болды.
12476162 1036520313061325 1069911548 nСондай-ақ, аудан-ауылдардан шаруалар алып келген асыл тұқымды қошқарлар да шараның басты көрігіне айналды. Оларға ғалымдар, ауыл шаруашылығы саласы мамандары баға беріп, жүлделі орындар тағайындалды.
12498752 1036520343061322 2100083426 nАсыл тұқымды қошқарлар көрмесінде Бауыржан Оразалиев басшылық жасайтын Қазығұрт ауданындағы «Сералы» асыл тұқымды шаруа қожалығы жеңімпаз деп танылды. Аталған шаруа қожалығының ұжымына 300 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыс етілді.
12443101 1036520246394665 313783754 nКөпшіліктің қызығушылығын тудырған тағы бір байқау «қошқар көтеру» жарысы болды. Білекті де жүректі, «сен тұр, мен атайын» дейтін жігіттер иықтарына 85 келітартатын қошқарды салып, көтеріліп-тұрудан бақ сынады. Бұл бәсекеде аударыспақтан Азия чемпионы Біржан Қосалиев жеңіске жетті. Төлебилік жігіт 34 рет үзіліс жасамай, отырып тұрды.
12722135 1036520429727980 869430151 n«Қошқар Ата сейілі» көктем мерекесін ұйымдастырушылардың бірі Кеңес Исмаилов, бұл мереке тек Оңтүстік жұртшылығына ғана тән екенін, соңғы рет жүз жыл бұрын тойланғанын айтады.
12674567 1036520486394641 1159273306 n– Ғабидолла Әбдірахымов қаламызға басшы болып келгенде белсенді азаматтардың басын қосып, туризм мен салт-дәстүрді насихаттап, дамыту үшін қандай ұсыныстарыңыз, идеяларыңыз бар деп сұраған. Сол кезде өлкетанушы А.Гончаров екеуміз осы «Қошқар Ата сейілі» мерекесі туралы ұсынысымызды айттық. Бірден қолдау тапты. Байырғы кезде ата-бабаларымыз Қошқар Ата өзені бойында асыл тұқымды қошқар сойып, Алладан молшылық, тыныштық тілеген, – деді К. Исмайлов.
 
Енді бұл мерекені тойлау жыл сайын дәстүрге айналмақ.
Последнее изменение Пятница, 18 Март 2016 11:06