Аудан әкімі пандустарды тексерді

Среда, 13 Апрель 2016 05:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3625 раз

6dae382e03d31e98e314e29aa4066541

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке меншікті нысандарға еркін кіріп-шығуын қамтамасыз ету мақсатында «Біз біргеміз» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында Тәуке хан даңғылы бойында орын тепкен мекемелер мен ғимараттарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Арнайы комиссия құрып, зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізудеміз. Бүгінде біздің ауданда 267 пандус орнатылған. Десе де кейбірі талапқа сай емес. Мүгедек жандардың мініп-шығуына қиындық тудырады. Сол себепті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кейбіріне ескерту берудеміз, – дейді
Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов.
Шара соңында аудан әкімі мүгедектердің жеке және мемлекеттік мекемелерге еркін кіріп-шығуы үшін пандустарды талапқа сай орнатылуын қадағалауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.