Абаттандыру жұмысы жалғасуда

Пятница, 22 Июль 2016 05:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5576 раз

Шымкентте абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстармен қалада үш мекеме айналысады. Олар – «ЛТД-Тұрмыс», «Бәйтерек-ЛБ» және «Жасыл қала» ЖШС-і. Алғашқы науқан ерте көктемде басталған.

Мәселен, «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-не 95 көше тиесілі. Солардың ішінде Тәуке хан, Б.Момышұлы, Желтоқсан, Д.Қонаев, Бәйдібек би көшелері және Астана даңғылы секілді орталық көшелер бар. Қазіргі уақытта мекеме қызметкерлері Қ.Қазиев, Т.Өтегенов және Қ.Төлеметов көшелері мен көпқабатты үй аулаларының шөбін орып жатыр. Бұл жұмысқа «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің 50 қызметкері мен 15 тырмашысы жұмылдырылған. Оған қоса, 71 шөп оратын арнайы техника қолдануда. Орылған шөп «Ақтас» шағынауданы маңындағы қоқыс алаңына тасталынады. Серіктестіктің көгалдандыру бөлімінің шебері Нұрғали Аққұловтың айтуынша, көктем айлары жаңбырлы болғандықтан, шөп ору жұмыстары өткен жылға қарағанда қарқынды. Мәселен, қаланың орталық көшелері осымен сегізінші рет орылуда. Бұл жұмыстар қара күзге дейін жалғаспақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.