Шымкентте «Highvill» үйлері салынады Избранное

Понедельник, 18 Июнь 2018 03:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2544 раз

Шымкентте әлемге әйгілі «Highvill» компаниясы тұрғын үйлер салмақ. Шымкент әкімдігі, «Highvill» құрылыс компаниясы және «Шымкент» ӘКК осындай үш жақты меморандумға қол қойды.

1a7a6e24-4147-4108-96e3-06d0f1214c21

- Меморандумға қол қою – тарихи қадам, - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов. Әкімдік тарапынан салымшыларға «Shymkent City» аумағынан құрылысқа 51,5 гектар учаске бөлініп отыр. Бұл жерде тек әлеуметтік емес, бизнес-кластағы тұрғын үйлер де салынады деп күтілуде.
«Highvill»-Kazakhstan» компаниясының бас директоры Канг Джон-Дэ «Шымкент – Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде компанияға озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қызықты болып отыр» деп атап өтті:
- Біз әкімдікке Шымкентте үй салуға мүмкіндік бергеніне алғысымызды білдіреміз. Біздің компания құрылыс саласында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы жылдар бойы жинақталған тәжірибені Шымкентте салынатын үйлерде жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, - дейді Канг Джон-Дэ.
Сондай-ақ, «Шымкент» ӘКК директоры Айтмұхамбет Алдажаров көптен күткен келісімге қол жетіп отырғанын, сапалы тұрғын үй кешендерін салудағы «Highvill» компаниясының жаңа ізденістерін оң бағалайтынын жеткізді.
Айта кетейік, «Highvill» компаниясы – Кореяның тұрғын үй салудағы танымал компаниясы. Ал «Шымкент-сити» - қаланың солтүстік аймағында орналасқан, 12 орамнан тұратын қалашық. Онда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары, сауда орталықтары, емхана, ойын-сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп күтілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.