Үздік мемлекеттік қызметші анықталды Избранное

Пятница, 07 Июнь 2019 04:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2506 раз

Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында үздіктерді анықтауға бағытталған байқау өтті. Іріктеуге қаладағы 30-дан астам мемлекеттік қызметші ниет білдіріп, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша тест тапсырды.

Мемқызметші

Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мен мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауда қатысушылар үздік кәсіби білімі мен дағдыларын байқатты.

Арнайы тест қорытындысымен екінші кезеңге жіберілген 6 мемлекеттік қызметші өз жобасын таныстырып, аталған жобалардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімділігін жеткізді.

Іріктеу барысында комиссия мүшелері үміткерлердің жеке мәліметтерін, жариялымдары мен марапаттарын, ғылыми атағы мен дәрежесін, спорттық және қоғамдық қызметін назарға алды.

Жобада көрсетілген мәселенің өзектілігі мен мәселені шешудегі шығармашылық тәсілі, үміткермен мәселенің мәнін білу және оны зерттеу деңгейі, жүзеге асырудан күтілетін экономикалық тиімділігі бойынша баға берді.

Байқау қорытындысымен қалалық соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсына жолдама алып, Шымкент қаласының намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.