Қорғаныс істері жөніндегі департаментте – жаңа басшы Избранное

Пятница, 07 Июнь 2019 04:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4393 раз

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып полковник Алмаз Тілеуханов тағайындалды.

Жаңа басшы

Алмаз Тілеуханұлы 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған. Алматы қаласының Жоғарғы жалпы әскери командалық училищесін және ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

Әскери қызметін 1997 жылы Аягөз гарнизонында бастаған. Әскери бөлімдер мен әскери полиция, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Тағайындауға дейінгі соңғы лауазымы Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болған.

I, II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және мерейтойлық бірқатар медальдармен марапатталған. Отбасылы. 3 ұл тәрбиелеуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.