Мегаполисте муниципалды парк ашылды Избранное

Пятница, 21 Июнь 2019 03:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 358 раз

Шымкентте Қала күніне орай муниципалды автобус паркі ашылып, халық игілігіне берілді. «Shymkent bus» паркі – теңдессіз әлеуметтік жоба. Мұнда сервистік орталық, автожуу қызметі бар. Жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған.

1

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік жобаны ашып беріп, парк жұмысымен танысты.

– Біз тұрғындарға берген уәдемізді орындадық. Жаңа автобустар келді. Қоғамдық көлік – қаладағы ең өзекті мәселенің бірі. Жыл соңына дейін 700 автобус та келеді. Сол кезде барлық мәселені шешеміз. Жалпы, қалада қоғамдық көлік саласын реформалау басталды, – деді қала әкімі құттықтау сөзінде. Ғабидолла Рахматоллаұлы бастаған топ жаңа автобустардың мүмкіндігімен танысты.

Шымкентке жалпы бірінші кезеңге жоспарланған жаңа 300 автобустың 160-ы жеткізілді. Қалған 140 автобус шілде айында келмек. Көліктердің сыйымдылығы – 56 адам, ұзындығы – 8,5 метр. Автобустар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған.

Муниципалды автобус паркі және электронды билеттеу жүйесін енгізу бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, жол жүру ақысын көлеңкелі айналымнан шығару, ескірген автобустар паркін жаңарту, қалалық жолаушылар тасымалының сервисі мен қауіпсіздік деңгейін арттыру, қазіргі заманғы автобус паркінің өндірістік инфрақұрылымын құру, т.б., мәселелер шешіледі.

Қазіргі таңда қалада автобустар паркін жаңарту, жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениет деңгейі және қызмет көрсету сервисі, жүру естесін сақтау секілді мәселелерді шешу басты назарда тұр. Алда жол ақысын төлеудің «Оңай» электрондық жүйесі орнату жоспарлануда.

Айта кетейік, жаңа автобустардың ішінен 38 көлік №138 және 158 бағытта қатынауда.