Баспана құрылысы – депутаттар назарында Избранное

Пятница, 02 Август 2019 04:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 359 раз

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Сенатының депутаттары Н.Бекназаров пен А.Қапбарова қаладағы құрылыс нысандары мен әлеуметтік мекемелердің жұмысы барысымен танысты.

DSC 4824

Сенаторлар алдымен «Shymkent city» қалашығындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысып, жұмыстың сапасы, қаржы мәселелері, сондай-ақ, көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарынан хабардар болды.

Сенаторлар мердігер мекеме басшыларына жұмысты мерзімде аяқтау, инфрақұрылымды дамыту, су, газбен жабдықтау жұмыстарын жүйелі шешуді тапсырды.
– ҚР Президенті тапсырмасымен Үкімет тарапынан әлеуметтік қолдауға көп жағдай жасалуда. Әсіресе, көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды, жастарды қолдау назарда тұр.

Жалдамалы үйлер, жастар үшін жатақхана салу мәселесін тездетіп шешу қажет. Бізде басқа өңірлерге қарағанда жыл бойы құрылыс жүргізуге болады. Басты талап – жұмыстың сапалылығы және мерзімде тапсыру. Бүгінде құрылыс компанияларына да техникаларын жаңартуға көп қолдаулар бар, - деді Н.Бекназаров.

Сенат депутаттары, сондай-ақ, Шымкент қаласының Оқушылар сарайында кездесу өткізіп, балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы мен оқушылардың лагерлерде демалу барысына қанықты.
Сенаторлар білім саласына көп көңіл бөлініп жатқанын, алда лагерьлердің санын көбейту, қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлу керек екенін айтты.

– Жастар мүмкіндігінше лагерьлермен көп қамтылуы қажет. Келесі жылы лагерьлердің санын тағы да көбейткен жөн. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балалар үшін демалыс-сауықтыру нысандарын көптеп салуға болады, – деді Нұрлан Құдиярұлы.