«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар ұсыну

Пятница, 09 Август 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 217 раз

Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Мемлекеттік гранттар моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде  ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға салалық шектеулерсіз беріледі.

Міндетті шарттар:

Бағдарлама және/немесе «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде оқыту құрауыштары сертификаттарының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

Мемлекеттік гранттар беру, жоғарыда көрсетілген тізімге сәйкес, конкурстық іріктеуге толық көлемде құжаттарын ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Бір бизнес-жоба бойынша грант беру мақсатында әрбір Кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды ұсынылатын грант көлемінің 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен Кәсіпкердің бірлесіп қаржыландыруы бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.

Міндетті түрде жаңа жұмыс орындарынын ашылуы.

Не үшін беріледі:

Кәсіпкерлер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:

1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

2) материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технологияларды сатып алу

4) франшизаға құқықтарды сатып алу;

5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

Грант қаражатын жылжымалы мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.

Бір кәсіпкер үшін Гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.

Қандай құжаттар қажет:

Грант алуға үміткер Кәсіпкерлер Бағдарламаның жергілікті өтінім береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) бекітілген нысан (қоса тіркеледі)  бойынша Грант беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім, ол Бағдарлама әкімшісінің веб-порталына (shymkent.gov.kz сайтында «Бизнес» бөлімінде) орналастырылады;

2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) өтініш берілген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 күн толмаған бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) расталған анықтама;

5) бизнес-жоба;

6) Бағдарлама және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).

Кімге берілмейді:

1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатып қойылған;

2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын Кәсіпкерлерге;

4) орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне Гранттар берілмейді.

Іріктеу қалай жүргізіледі:

  1. бизнес идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);
  2. бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
  3. бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан тұлғаның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы болып табылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.