Қаланың тазалығына шағым көп Избранное

Пятница, 27 Сентябрь 2019 03:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2351 раз

Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов шаһардың тазалығы жөнінде жиналыс өткізді.

DSC 4116

Жиын барысында қала әкімі Шымкенттің тазалығы көңіл көншітпейтін жағдайда екенін айтып, өзінің атына осы мәселе бойынша тұрғындардан шағымдардың өте көп түсіп жатқандығын баса айтты. Ішкі аулаларда қоқыстардың уақтылы шығарылмауы, жол бойындағы қоқыстардың тазаланбауы бүгінде шаһардың негізгі проблемасына айналып отырғанын алға тартты. Сондай-ақ,

Ерлан Қуанышұлы аталмыш саланы осындай деңгейге түсіргені үшін және тұрғындардың қолайлы өмір сүрулеріне немқұрайлы қараған жауапты сала мамандарын қатаң сынға алды.
Осы орайда қала әкімі тазалық жұмысын күшейту мақсатында тиісті қаражатты бюджеттен қарастыруды орынбасары Е.Садырға және аталмыш мәселені күнделікті бақылап, мониторинг жүргізіп, тиісті ұйымдастыру шараларын жүргізуді орынбасары Б.Пармановқа тапсырды.

– Шымкенттің ажары мен тазалығын сақтау баршамыздың ортақ міндетіміз. Аудан әкімдері халықпен тығыз байланыста болып, қаланы ластамау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізулері шарт. Ал, қоқыс тазалайтын тиісті мекемелер өз жұмыстарына салғырттық танытса мәселелері қатаң қаралатын болады»,– деді Е.Айтаханов.

Жиынды қорытындылай келе шаһар басшысы қала аумағында құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияларға көше бойында өсіп тұрған талдарды мүмкіндігінше кеспеуді тапсырып, кесілген жағдайда бір талдың орнына он тал отырғызуды міндеттеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.