Жасыл желек – жанға сая Избранное

Пятница, 04 Октябрь 2019 03:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 173 раз

Үшінші мегаполистегі білім беру мекемелерінде республикалық «эко-сағат» акциясы ұйымдастырылды. Асар шағынауданында орналасқан №89 мектеп-лицейіне арнайы барған қала әкімі Ерлан Айтаханов жас ғалымдардың жобаларымен танысты. Халықты экологиялық тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған «эко-сағат» республикалық акциясында Ерлан Қуанышұлы қала тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғап, тазалық сақтауды әдетке айналдыруға шақырды.

 DSC6542

– Қаланы жасыл желекке айналдыру қиын емес, оны күтіп-баптау үлкен мәселе. Қаладағы тазалықты тек әкімдік пен мекемелерге артып қоюға болмайды. Шаһарды әдемі әрі таза ұстау бұл барлығымыздың міндетіміз. Тазалық – денсаулық кепілі. Бұл бастаманы дәстүрге айналдыруымыз керек, - деді қала әкімі Е.Айтаханов.

Білім ошағындағы «Флора&Фауна» жаратылыстану пәндері лабораториясының жұмысына оң бағасын берген шаһар басшысы экологиялық сағат аясында лимон және шынар ағаштарын отырғызды. Экологиялық аллеяда ағаш отырғызу рәсіміне қала басшысымен қатар, халық қалаулылары аудандағы ардагерлер, мектеп ұжымы мен тұрғындар атсалысып, бас-аяғы 80 түп ағаш отырғызды.

Айта кетейік, арнайы жабдықталған лабораторияда ағаштар, бұталар, цитрусты өсімдіктер, жеміс-жидектер мен гүлдер өсіріледі. Сонымен қатар, құстар мен балықтардың ерекше түрлерін өсіріп баптау, олардың тұқымдарын шығару, сапасын арттыру жұмыстары қолға алынған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.